Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында модульдік қойма пайдалануға берілді
Модульдік қойма әуежайдың перронға тікелей шығатын бақылау аймағында орналасқан. Нысанның жалпы аумағы 1100 шаршы метрден асады, әрі онда ішкі әуе бағыттары мен кедендік одақ елдерінен почта мен жүктерді қабылдап және шығаратын, сондай-ақ, трансферттік (транзиттік) жүктерді қабылдап және жөнелтетін аумақ қарастырылған. Жобамен жылына 12 мың тоннаға дейін почта мен жүктер өткізіледі.
Нысанға автоматтандырылған дабыл жүйесі орнатылып, бейнебақылау қойылған.
Биылғы жылдың шілде айында әуежай аумағында өздерінің сұрыптау орталықтарын ашу үшін отандық және шет елдік компанияларға қойманың қосымша аумағы жалға беріледі.
Болашақта алыс және жақын шет елдердің ұшу бағыттарын арттырып, Қазақстанның облыс орталықтары мен жақын қалаларға тиесілі жүк көлемін Астананың әуе қақпасы арқылы өткізу жоспарланып отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы осы бағыт бойынша қызығушылық танытқан әріптестермен ынтымақтастық орнатып, оларға сапалы қызмет көрсетуге дайын.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.