Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында капсулды қонақүй ашылды.
Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Т1 терминалында «Caps Lock» футуристік стильдегі капсулды қонақүй ашылды. Жапон технологиясы бойынша әзірленген соңғы үлгідегі капсулды қонақүйде жуынып, шайынып, ұйықтап тынығу үшін барлық жағдай жасалған. Қонақүй 10 адамға арналған. Оның пайдалану құны қолжетімді. Бір сағаты 2000 теңге. 7 жасқа дейінгі балалар ата-аналарымен қонақүй қызметін тегін пайдаланады. Енді Астанадан ұшатын жолаушылар әуежайда жайлылықпен демалуға мүмкіндік алды.
Нөмірді брондау жүйесі www.booking.com және www.capslock.kz сайттары немесе +7-777-777-85-33 телефоны арқылы жүзеге асады. Қонақүйдегі жаңалықтармен @capsule.hotel.capslock инстаграм парақшасында да танысуға болады.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.