Ақпараттық хабарлама

Барлық жаңалықтар

2018-06-12

Ақпараттық хабарлама

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Бизнес авиация терминалын жалдау құқығының және әуе кемелеріне және іскерлік авиация жолаушыларына жер үстінде қызмет көрсету бойынша бірлескен қызмет жүргізудің конкурсына қатысу үшін мүдделі өнім берушілерден ұсыныстар қабылдауының басталғаны туралы жариялайды. 

 Лот –  Бизнес авиация терминалы

Жеңімпазды таңдау өлшемшарттары:

  • ҚР заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға;
  • Заңды тұлғаның құрылтайшысында (құрылтайшыларында) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
  • Заңды тұлғаның құрылтайшысында (құрылтайшыларында) және басшысында азаматтық авиация саласындағы еңбек өтілінің болуы;
  • Заңды тұлғаның құрылтайшысында (құрылтайшыларында) IATA Әуе транспорты халықаралық қауымдастығы сертификаттарының болуы;
  • Құрылтайшыда (құрылтайшыларда) әуе кемелерінің паркін басқару бойынша еңбек өтілінің болуы;
  • Бизнес авиация терминалын жалдау бойынша коммерциялық ұсынысты (жалдау төлемінің сомасы, шартты қамтамасыз ету сомасы (30 млн. теңгеден кем емес), әуе кемелеріне және жолаушыларға қызмет көрсету бойынша бірлескен қызмет жүргізудің ұсынысын ұсынуы, әуежай аумағында қызмет көрсету уақытында үшінші тұлғалардың алдында жауапкершілікті өтеуі (сақтандыру);
  • Бизнес авиация терминалында асүй мен бардың қызмет көрсетуін желілік мейрамхана бизнесінің саласындағы мамандандырылған қызмет жеткізушіні тарту арқылы жүзеге асыруы.

 Мүдделі қызмет жеткізушінің өтінімінде конкурс жеңімпазын таңдау өлшемшартының әр тармағы бойынша түпкілікті ақпарат болуы қажет.

 Мүдделі өнім берушілердің барлық қоса берілген құжаттары бар өтінімдері 2018 жылғы 3 қыркүйекті қоса алғандағы мерзімде Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 119 мекенжайы бойынша ілеспе хатпен жіберілуі қажет.

 Анықтама телефондары: +7 (7172) 777 - 072

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ