Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының қызметкерлері латын тілінде диктант жазды
Жалпыхалықтық диктантты жазуға Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының жұмыскерлері де қатысты. Аталған іс-шараны ұйымдастыру бойынша жұмыстарды тілдерді дамыту бөлімі жүргізді. Қатысушыларға қолдау ретінде жаңа латын әліпбиінің үлгісі таратылды. Қатысушылар диктантты арнайы дыбыстық техникамен жабдықталған конференц-залда жазды.
Диктант жазуға тілдерді дамыту бөлімінің мамандары, құрылымдық бөлімшелерде ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге жауапты жұмыскерлер, сондай-ақ, өз еркімен ықылас білдірген авиациялық маркетинг бөлімінің, тарифтік саясат басқармасының, бастауыш кәсіптік одағының және т.б. қызметтердің жұмыскерлері белсенді қатысты.
Іс-шараны Басқарма төрағасының әкімшілік және корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Дәурен Сақтапбергенұлы Шәріпбаев ашып, жалпыхалықтық диктантты өткізудің негізгі мақсатын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Роза Елеуқызы Сейтмағанбетова диктант өткізу тәртібін айтып, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маман Дина Қабатайқызы Қапашева ерекше әріптерді жазу қағидаларын түсіндірді.
Әрине, бүгінгі диктант – мемлекеттік тілдің латын графикасына біртіндеп көшудің алғашқы қадамы. Әуежай қызметкерлері өзгерістерге сене қарап, жаңа латын әліпбиіне ауысуға дайын.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.