Елорда әуежайында футбол бойынша турнир өтті

Барлық жаңалықтар

2019-06-24

Елорда әуежайында футбол бойынша турнир өтті

Жастар жылы аясында «Нұр Отан» партиясының «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» БПҰ «Жас Отан» жастар қанаты мен әуежай қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы Қала күніне орай авиакәсіпорын қызметтері арасында шағын футбол бойынша турнирді ұйымдастырды. Турнирге 13 команда қатысты.

Пенальти сериясының нәтижесі бойынша шиеленісті күресте бірінші орынды Әуе кемелеріне перронда қызмет көрсету қызметі (ӘК ПҚҚ) алды. Екінші орынды Авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру бөлімшесі (АҚҚ ТБ), ал үшінші орынды Жолаушыларға қызмет көрсету қызметі (ЖҚҚ) иеленді.

АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторы Мақсат Шишмағанбет, турнирде 7 гол соғып, екінші жыл қатар үздік шабуылшы атанды.

Үздік капитан - Кенжалин Дәурен, автоматтандырылған жүйелерге қызмет көрсету қызметі.

Үздік қақпашы - Досымханов Аян, АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі.

Үздік қорғаушы - Оразалиев Ерік, АҚҚ ТБ.

Үздік гол - Қолдасбеков Өтеген, АҚҚ ҚБ.

Үздік футбол формасы - АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі.

Кәсіподақ төрағасы Шәмкенова Гүлжан Дүйсембиновна және спорт комитетінің өкілі, бас төреші Исмаилов Халықжан Әнуарбекұлы футболды дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараның барлық жеңімпаздары дипломдармен, кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ