Ұшу қауіпсіздігі

Барлық жаңалықтар

2019-08-16

Ұшу қауіпсіздігі

Ұшу қауіпсіздігі көптеген құрамдас бөліктерден тұрады, оның ішінде әуежайдың жердегі қызметі де бар. Осындай қызметтердің бірі - ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету қызметі.

Құстың едәуір жылдамдықта әуе кемесіне тиюі айтарлықтай зақым келтіруі және авиация оқиғасына әкелуі мүмкін. Мұндай соқтығысуларды толығымен жою мүмкін емес, алайда екпін алу, ұшу және қону кезінде осындай оқиғалардың ықтималдығын азайту үшін шаралар қабылдауға әлемнің әрбір әуежайы міндетті.

Астаналық әуежай үшін жазғы кезең орнитологиялық жағдай тұрғысынан күрделі болып саналатындығы құпия емес. Бұл әуеайлақтан            900 м қашықтықта орналасқан Майбалық көліне ұшып келетін суда жүзетін құстардың көп болуымен, жаз мезгілінде біздің аймақтың дала алқаптарында тұратын құзғын қалғаларға, сондай-ақ саны аз, бірақ біршама ірі сұнқар және үкі жасақты құстарымен байланысты.

Астаналық әуежайдың орнитолог мамандары өз жұмысында, соның ішінде құстарды үркіту үшін түрлі әдістер мен құралдарды қолданады. Ең заманауи болып биоакустикалық қондырғылар саналады. Осы уақытқа дейін                           Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы стационарлық биоакустикалық қондырғыларды пайдаланды, олар әуеайлақтың белгілі бір учаскесінде белгіленген ретпен құстардың түрлі түрлерінің апат айқайларын шығарады. Бұл ретте, егер жақын аумақта құзғын қарғалар болса, онда қондырғы осы уақытта оларға әсер етпейтін шағаланың қауіптілік дыбыстарын тарата алады.

Ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру үшін 2019 жылдың шілде айында астаналық әуежай орнитологтардың автокөлігінде орналасатын заманауи мобилді биоакустикалық қондырғыны сатып алды, ол орнитолог байқаған құстардың дәл сол түрінің апат айқайларын таңдау арқылы электрондық планшеттен басқарылады. Мұның бәрі құс суретін басу арқылы санаулы секундта жасалады.

Осы жабдықты пайдаланудың қысқа мерзіміне қарамастан, бұл әуе кемелерінің құстармен соқтығысу қаупін төмендету жолындағы астаналық әуежайдың тағы бір қадамы деп сеніммен айтуға болады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ