LOT Polish Airlines әуекомпаниясы Варшаваға рейстерді қайта бастайды

Барлық жаңалықтар

2021-06-10

LOT Polish Airlines әуекомпаниясы Варшаваға рейстерді қайта бастайды

10 маусымнан бастап LOT Polish Airlines әуекомпаниясы Варшава-Нұр-Сұлтан-Варшава бағытындағы рейстерді қайта бастайды. Рейстер аптасына 1 рейс жиілігімен өтеді. 14 маусымнан бастап ұшулар дүйсенбі күндері болады (ұшып келу 07:45-те, ұшып кету 13:00-де).

Билеттерді LOT Polish әуекомпаниясының сайтынан сатып алуға болады https://www.lot.com/kz/

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 30 мамырында LOT Polish Airlines әуекомпаниясы Варшава-Астана (Нұр-Сұлтан)-Варшава бағыты бойынша өзінің алғашқы ұшуын жасаған болатын.

Рейстер жазғы кестеде аптасына 4 рет, қысқы кестеде аптасына 3 рет Boeing-737 ұшағында орындалды.

Пандемия кезеңінде LOT Polish Airlines елордалық әуежай арқылы Еуропадан Қытайға 110-нан астам транзиттік гуманитарлық рейстерді орындады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ