Елордалық әуежайда ұшу-қону жолағын жөндеу аяқталды

Барлық жаңалықтар

2022-08-05

Елордалық әуежайда ұшу-қону жолағын жөндеу аяқталды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында бүгін 2022 жылғы 04 тамызда 2022 жылғы 08 тамызға дейін жоспарланған ҰҚЖ жөндеу аяқталды. Құрылыс-жөндеу жұмыстары 15 шілдеден 04 тамызға дейін (сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін)жүргізілді. Барлығы 22 000 шаршы метрден астам асфальт-бетон жабыны жөнделді. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көрсетілген жөндеу жыл сайын жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешімді әуежай осы жылдың ақпан айында қабылдады, содан кейін осы жұмыстардың кестесі туралы ақпарат әуекомпанияларға уақтылы жіберілді. Әуетасымалдаушылар әуежайдан алынған хабарлама негізінде рейстер кестесіне өзгерістер енгізді. Еске сала кетейік, қалалық әуежайдың ҰҚЖ-дағы жөндеу жұмыстарының аяқталғаны туралы әуекомпаниялар жұмыс тәртібінде хабардар етіледі.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ