Қауіпсіздік

Қауіпсіздік

  • Әуежай туралы ақпараттан хабардар болу үшін сайтымызға тіркеліңіз

    Шағын ақпарат

«ДЕРЕКТЕРДІ ЕРІКТІ ЖӘНЕ ҚҰПИЯ ҰСЫНУ ЖҮЙЕСІ»

 «Астана халықаралық әуежайы» АҚ деректерін ерікті және құпия ұсыну жүйесінің негізгі мақсаты ұшулар қауіпсіздігін, техника қауіпсіздігін және авиация қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қолданыстағы және әлеуетті кемшіліктер туралы деректерді жинау арқылы компаниямыздың авиация саласындағы қызметінің қауіпсіздігін арттыру болып табылады.

Мұндай хабарлар оқиғаларға, авиация саласындағы қызметіміздің қауіпсіздігі үшін қатерлерге, қауіпті факторларға қатысты болуы мүмкін. Біреуді жазалау үшін емес, ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі инспекция тәуекел дәрежесін бағалау және қажет болған жағдайда жою немесе қолайлы деңгейге дейін төмендету үшін хабарлау керек.

Қауіпсіздік мәдениетінің ең басты қағидаттарының бірі есептілік негізінде адам жазаланбайды, сондықтан үйлестіруші қызметі «Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі инспекция» жеке ақпаратқа мұқтаж емес,  ақпарат беру -ерікті болып табылады. Қауіпсіздік бөліміне хабардың мәні ғана қажет,   аталған бөлім қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тырысады.

Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі инспекция деректерді ұсынатын қызметкердің жеке тұлғасын ашпай, авиациялық саладағы ұйымның қызметімен байланысты авиациялық оқиғалар немесе қауіпті факторлар бойынша деректерді ерікті ұсыну үшін арнаны қамтамасыз етеді.

 

 Деректерді кім ерікті ұсына алады:

Егер Сіз кәсіпорын бөлімінде, қызметінде жұмыс істесеңіз, Сіз авиация саласындағы компаниямыздың қызметімен байланысты оқиғалар, қауіпті факторлар немесе қатерлер туралы деректерді ұсыну арқылы ұшулар қауіпсіздігін арттыруға ықпал ете аласыз.

 Кәсіпорынның өз қызметкерлерінен басқа сыртқы ұйымдардың барлық қызметкерлері де деректерді ұсыну жүйесін қолдана алады. Оларға:

а) ұшу экипажы және бортсеріктер;

б) ӘҚБ диспетчерлері;

с) жерүстінде қызмет көрсету операторлары және т.б. жатады  (бірақ шектелмейді).

 

 Деректерді ұсынуды қай кезде жүзеге асыру қажет:

Сіз:

а) қалған қызметкерлер оқиға немесе қауіпті факторлар туралы ақпараттан сабақ немесе пайда алсын десеңіз, бірақ өз атыңызды жария еткіңіз келмесеңіз;

б) қауіпсіздік туралы деректерді ұсынудың басқа да белгіленген тәртібі немесе арналары жоқ болғанда;

с) деректерді ұсынудың басқа арналары немесе тәртібін пайдаланған болсаңыз, бірақ тиісті әрекет болмаған кезде деректерді ұсынуыңыз қажет.



Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ