Менталдық және аутистік ауытқушылықтары бар жолаушыларға қызмет көрсету

Аутистік спектрдің және ментальді бұзылуы бар жолаушыларға қызмет көрсету

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес аутистік спектрдің бұзылуы және ментальді бұзылуы бар жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қолайлы жағдайлар жасауда. Еріп жүретін адаммен осы санаттағы жолаушыларға қызметтер тегін көрсетіледі.

 Аутистік спектрдің бұзылуы және ментальді бұзылуы бар жолаушыларға аталмыш қызметті алу үшін әуе билетінде көрсетілген ұшу уақытынан 48 сағат бұрын өтінім беру қажет.

 Аутистік спектрдің бұзылуы және ментальді бұзылуы бар жолаушымен бірге жүрген адам арнайы ланьярд алу үшін әуежайда орналасқан анықтама бюросына жүгіне алады.

 Бұл ланьярд тіркеу, тексеру, әуе кемесінің бортына кезектен тыс отырғызу сынды рәсімдерден кезексіз өтуге мүмкіндік береді.

Қажет болған жағдайда аутистік спектрдің бұзылуы және ментальді бұзылуы бар жолаушы аэровокзал бойынша және әуе кемесіне дейін жүріп-тұру үшін мүгедектер арбасын, сондай-ақ ана мен бала бөлмесін пайдалана алады.

 ТИ Аутисты 2022

Бірыңғай байланыс орталығы

+7 (7172) 702-999

Медициналық қызмет көрсету қызметі

+7 (7172) 777-203

Ұялы телефон

87024044801 (тәулік бойы)



Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ