Қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды тасымалдау

Қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды тасымалдау

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 2021 жылғы 01 қаңтардан бастап ЖІҚ бойынша функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қоғамның бекітілген Бұйрығына сәйкес, жеке тұлғалар үшін әуе кемесіне (бұдан әрі – ӘК) қару мен оның оқ-дәрілерін 1 рет алып жүргені үшін тариф ҚҚС-ны есептемегенде 13392,86 теңгені құрайтынын хабарлайды.

Астана қаласының әуежайынан ӘК қару мен оның оқ-дәрілерін тасымалдауды жоспарлап отырған жолаушылар ұшуға дейін 72 сағаттан кешіктірмей Қоғамның www.office@nn-airport.kz электрондық поштасына сұраным жолдауы тиіс.

Қаруды тасымалдауға арналған сұранымда келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:

- қарудың сипаттамасы және саны;

- қарудың моделі, сериялық және табельдік нөмірі;

- пайдалану мақсаты;

- партондардың сипаттамасы және саны.

Жөнелту әуежайында қаруды тасымалдауға қабылдауды, қажетті құжаттарды ресімдеуді, ӘК бортына жеткізуді авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі – АҚҚ) қызметкері жүзеге асырады.

Ұшу кезеңінде уақытша сақтау үшін жолаушыдан қаруды қабылдау үш дана хаттамамен ресімделеді, оған жолаушы-қарудың иесі және әуежайдың АҚҚ қызметкері қол қояды. Актінің бірінші данасына Тасымалдаушы да қол қояды және жөнелту әуежайының АҚҚ қалады, екінші данасы Тасымалдаушыға беріледі, ал үшіншісі межелі әуежайда қаруды алу үшін жолаушыға беріледі. АҚҚ қызметкері қару иесі-жолаушыға оны межелі әуежайда алу тәртібі туралы түсіндіреді.



Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ