«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы 13 тыл еңбеккерін құттықтады

Барлық жаңалықтар

2018-05-09

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы 13 тыл еңбеккерін құттықтады

Ұлы отан соғысы Жеңісінің 73 жылдығы қарсаңында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы 13 тыл еңбеккері, әуежайдың бұрынғы ардагер қызметкерлерін арнайы барып құттықтады. Әр отбасыға олар 10 мың теңгеден сыйлық табыстады. Біз Отан қорғаушыларымызды мақтан тұтып, Жеңісті күндерді жақындатқан тыл еңбеккерлерін құрметпен бағалаймыз. Соғыстан кейінгі жылдары елімізді қайта қалпына келтіруде олар аянбай тер төгіп, қажырлы еңбек атқарды. Әкелеріміз бен аталарымыздың ерен ерлігі біздің мәңгі жадымызда! 

Фотода: Тыл еңбеккері  Устьянцова Анна Павловна 

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ