Астана әуежайында «Балаларды мектепке дайындайық!» қайырымдылық акциясы өтті

Барлық жаңалықтар

2018-08-13

Астана әуежайында «Балаларды мектепке дайындайық!» қайырымдылық акциясы өтті

Елордалық әуежай  дәстүрлі жаңа оқу жылы басталар алдында «Балаларды мектепке дайындайық!» атты жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Оның мақсаты көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылары бар қызметкерлерге балаларды мектепке дайындауға қолдау көрсету. Акция Астана әуежайының бюджетінде қарастырылған арнайы бөлінген қаражатпен қаржыландырылды.   

Бірінші рет мектепке баратын балаларға ерекше назар аударылды. Оқушыларға (1-9 сынып) салтанатты түрде барлық қажетті құралдар (бояулар, дәптерлер, қаламсауыттар, қаламсаптар, альбомдар және басқа да заттар)  бар мектеп сөмкесі табысталды. 

Оқушылар мен олардың ата-аналарына 1 қыркүйек жарқын және есте қаларлық мереке болуы үшін Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы мен ондағы Бастауыш кәсіподақ ұйымы қолдан келгеннің барлығын жасады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ