Шарттар

Әуежаймен келісім жасау тәртібі

  • Әуежай туралы ақпараттан хабардар болу үшін сайтымызға тіркеліңіз

    Жер үстінде қызмет көрсету жөніндегі стандарттық келісім үлгісі

Тұрақты тасымалдаушылар үшін

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен жерде қызмет көрсету және реттеліп көрсетілетін қызметтер туралы шарттар жасасу үшін әуежайдың бірінші басшысының атына ресми сұрау салу (компанияның бланкісінде хат) жіберу қажет. Кеңсенің электрондық пошта мекенжайыoffice@nn-airport.kzтел: +7 (7172) 777-623 Көшірмеде коммерциялық бөлімнің электрондық мекенжайын көрсетуіңізді сұраймыз—marketing@nn-airport.kz.

Әуе чартерлік тасымалдаушылар үшін

«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайымен іскерлік авиацияның ұшуларын қоспағанда, жолаушылар және жүк чартерлік рейстерін жерде қызмет көрсетуге шарттар жасасу қажет:

  1. Қосылған стандартты келісім-шартты оқыңыз
  2. Қосылған өтінімді жүктеп алып, толтырып, кеңсеге электронды пошта арқылы жіберіңіз:office@nn-airport.kz ,телефон: +7 (71 72) 777-623.

Көшірмеде жедел басқару орталығының электрондық пошта мекенжайларын көрсетіңіз -pdsa-plan2@nn-airport.kz, бухгалтерия бөлімі - бөлімaccountgroup@nn-airport.kz , коммерциялықmarketing@nn-airport.kz

Типтік шарт жүктеу

Өтінім жүктеу

«Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Әуежай) тарифтік саясатты жетілдіру мақсатында келесі жеңілдіктер бекітілді (№1 кестені қараңыз):

Аптасына екі және одан да көп нақты ұшу жиілігі бар тұрақты халықаралық жолаушылар рейстерін орындау кезінде:

      - ұшулар күнтізбелік үш жылдан артық жүзеге асырылмаған жаңа әуе қатынасы бойынша;

      - ұшуы әуежайда жүзеге асырылмаған немесе күнтізбелік үш жылдан артық жүзеге асырылмаған әуе кемелерінің жаңа пайдаланушыларына.

Аптасына екі және одан да көп нақты ұшу жиілігі бар тұрақты халықаралық жүк рейстерін орындау кезінде:

      ұшуы әуежайда жүзеге асырылмаған немесе күнтізбелік үш жылдан астам уақыт жүзеге асырылмаған әуе кемелерінің жаңа пайдаланушыларына;

      рейстердің жиілігін бұрынғы ұқсас маусымға қатысты арттыратын пайдаланушы үшін.

 №1-кесте.


р/р

Қызмет атауы

Өлшем бірлігі 

ҚҚС-ны есептемегенде тариф

USD

1

ХӘЖ ӘК ұшу-қонуын қамтамасыз ету

БҰС 1 тоннасы үшін

4,24

2

ХӘЖ жолаушылар үшін қонғаннан кейін үш сағаттан артық және ӘК жүк және жүк-жолаушылар сертификатталған типтері үшін алты сағаттан артық ӘК тұрақ орнын ұсыну

 

ӘК БҰС 1 тоннасы үшін және ӘК тұрақта нақты болған әрбір сағат үшін есептеледі. Толық емес сағат бір сағат болып есептеледі

 

 

 

0,91

3

Әуе кемелерін қарсы алу-ұшыру

БҰС 1 тоннасы үшін

230,77 теңге

1. Жеңілдіктер Әуежай мен әуе кемелерін пайдаланушы арасында тұрақты халықаралық жолаушылар рейстері бойынша Әуежай қызметтерін ұсыну бойынша жасалған шарттар негізінде қолданылады.

2. №1 кестеде көрсетілген тарифтер жер үстінде қызмет көрсету және/немесе әуежайдың реттелетін қызметтерін көрсетуге жасалған шарттар негізінде нақты орындалған рейстер үшін қолданылады.

3.Жеңілдіктер қолданыстағы тарифтерге қолданылады және жиынтығында бес маусымнан аспайтын жаңа әуе қатынасы бойынша тұрақты халықаралық жолаушылар рейстері үшін қолданылады (жазғы - жартыжылдық, оның қолданылуы наурыздың соңғы жексенбісінде басталады және қазанның соңғы сенбісінде аяқталады; қысқы - жартыжылдық, оның қолданылуы қазанның соңғы жексенбісінде басталады және наурыздың соңғы сенбісінде аяқталады).

4.Әуе кемелерін пайдаланушы үшін Әуежай қызметтері жеңілдіктерін қолдану шартта көзделген шарттарды орындаған кезде жүргізіледі.

5.Жеңілдіктер Әуежай мен әуе кемелерін пайдаланушы арасында жасалған шарттарда белгіленген мерзімдер өткеннен кейін тоқтатылады.

6.Қолданылатын жеңілдіктерді Әуежай белгіленген мерзім өткенге дейін келесі шарттардың бірі болған кезде алып тастауы тиіс:

1) жеңілдіктерді одан әрі қолданудың экономикалық орынсыздығы;

2) шартта көзделген талаптарды орындамау.

Жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!

 

«Астана халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі-Қоғам) тұрақты ішкі жолаушылар рейстерінің келесі тарифтері енгізілгені туралы хабарлайды:

Қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Қолданылатын тариф ҚҚС-ны есептемегенде, теңгемен

Жолаушыларға қызмет көрсету (ересектер)

адам

617,05

ӘК үшыру/қарсы алу

Барынша ұшу салмағының тоннасы

210,00

CUTE SITA пайдалану

Адам

61,99

Жолаушыларды тасымалдауға арналған автокөлікті ұсыну

15 минут

3 403,00

ӘК қардан жәнен мұздан тазарту

1 қызмет көрсету

83 043,48

1-типті, 4-типті мұздануға қарсы сұйықтық

Литр

889,70

Осы тарифтер әуе кемелерін пайдаланушы келесі шарттардың жиынтығын сақтаған кезде қолданылады:

1) Қоғам аумағында кемінде 3 әуе кемесін орналастырғанда;

2) жолаушыларды тіркеуді және қызмет көрсетуді Қоғам жүзеге асырғанда;

3) 5 және одан да көп бағыттар бойынша ұшуды жүзеге асырғанда;

  1. Тарифтер ұсынылатын қызметтерге шарттық қатынастары бар әуе кемелерін пайдаланушы нақты орындаған рейстер үшін қолданылады.
  2. Шарттарда көзделген талаптарды орындамаған кезде қолданылатын тарифтер пайдаланылмайды.
  3. Жаңа тарифтерді қолданысқа енгізу 2019 жылдың 02 қыркүйегінен бастап жүзеге асырылады және 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді.

 *** Көрсетілген тарифтерді қолдану үшін авиакомпаниядан кеңсенің электрондық поштасына өтінім жолдау қажет: office@nn-airport.kz

 

АГЕНТТЕР ҮШІН 

Құрметті серіктестер,

Агенттердің Әуежай аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыруына және Әуежайдың агенттік клиенттердің жолаушылар мен жүк рейстерін қоспағанда, халықаралық бағыттар бойынша әуе тасымалдарын жерүсті қамтамасыз ету қызметтерін көрсетуі үшін шарттар жасасу мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен іскерлік авиациялық рейстер үшін Агенттік келісімімен танысыңыз  ЖҮКТЕУ

*************************************************************************

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының филиалы - Көкшетау әуежайының тарифтері

 «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қоғам) «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына («Көкшетау әуежайы» филиалы бойынша) коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша Қазақстан Республикасының әуежайларында техникалық қонуларды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуларды жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайлар саласындағы қызметтерге жеңілдетілген тәртіппен тарифтерді бекіту туралы» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 336 бұйрығымен 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізумен реттелетін қызметтерге келесі тарифтер бекітілді:

1) Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуларды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуларды жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету бойынша – ҚҚС-сыз 2 137,30 теңге/тонна;

2) Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуларды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуларды жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша – ҚҚС-сыз      740,60 теңге/тонна;

3) Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуларды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуларды жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошта) болған кезде әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және әуе кемелерінің жүк және жүк-жолаушылар сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан артық тұрақ орнын беру бойынша – ҚҚС-сыз 211,70 теңге/тонна-сағат;

  • халықаралық бағыттарды қоспағанда, базалық әуеайлақта әуе кемесіне тұрақ орнын беру бойынша - ҚҚС-сыз 105,20 теңге/тонна-тәулігіне.

Осы Қоғамның реттелетін қызметтерінің тарифтерін бекіту («Көкшетау әуежайы» филиалы бойынша) ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі №214 қаулысымен «Көкшетау авиакомпаниясы» АҚ Қоғамға қосылуына байланысты.

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 20-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, егер қолданыстағы тариф объектілер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекітілген болса, уәкілетті орган жаңа объектілерді және (немесе) учаскелерді сатып алған (салған) жағдайда реттеліп көрсетілетін қызметке арналған тарифті оңайлатылған тәртіппен бекітеді.

Осыған байланысты, Комитет Заңның көрсетілген нормасына сәйкес Қоғамға («Көкшетау әуежайы» филиалы бойынша) көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді оңайлатылған тәртіппен бекітті.



Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ