Тілді дамыту

Тілді дамыту

 

Тілді дамыту

 
 
18.03.2024

Наурызнама: 18 наурыз - ұлттық киім күні

Наурызнама онкүндігі аясында бүгін Астана халықаралық әуежайының қызметкерлері жұмыс формасын ұлттық киімге ауыстырды. Ұлттық киім – халқымыздың мәдениеті мен дәстүрінің айқын көрінісі. Бүгін біз сол құндылықтарды дәріптеп, Наурыз мерекесінің рухын бірге бөлістік. Наурыз құтты болсын!

07.04.2024

Елорда әуежайында мемлекеттік рәміздер күніне орай жолаушыларға 1000-ға жуық ту таратылды

Елорда әуежайында мемлекеттік рәміздер күніне орай жолаушыларға 1000-ға жуық ту таратылды. Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен ұйымдастырылған акцияның басты мақсаты – көпшілік арасында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау. Ұйымдастырушылар елорданың маңызды нысандарын, қаланың негізгі көшелерін, сондай-ақ қоғамдық көліктерді аралап, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.

08.08.2024

Елорда әуежайында “Абай оқулары” өтті

Астана халықаралық әуежайында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “Абай оқулары” ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әуежай жұмыскерлері Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқып, қазақ әдебиетінің асыл мұрасын дәріптеді. Мұндай рухани шаралар ұлттық мәдениетті насихаттауға және әуежай кеңістігінде ерекше мәдени атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді.

27.09.2024

Астана халықаралық әуежайының ұжымы Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай көшпелі семинарға қатысты

Демалыс күндері Астана халықаралық әуежайының ұжымы Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай спорттық және шығармашылық іс-шаралар форматындағы көшпелі семинарға қатысты. «ТІЛ – ХАЛЫҚ ЖАНЫН ТАНУДЫҢ КІЛТІ» атты іс-шара әуежай қызметкерлерін мәдени тәжірибе алмасу және командалық рухты нығайту үшін біріктірді. Фестиваль бағдарламасы қатысушыларға еліміздің бай мәдениетінің сан алуандығын сезінуге мүмкіндік беретін түрлі ойын-сауық шаралары мен мәдени қойылымдарды қамтыды.

28.02.2025

Елорда әуежайында «Қазақ тілін заманауи технология көмегімен меңгеру» тақырыбында семинар өтті

Бүгін Астана халықаралық әуежайында Қазақстандағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыруға және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге арналған маңызды шара өтті. Аталмыш семинарға әуежайдың 50-ге жуық жұмыскері қатысты. Кездесу барысында инновациялық технологиялар мен жасанды интеллектінің қазақ тілін оқытуға тигізетін әсері туралы сөз қозғалды. Елорда әуежайына «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен Тіл басқармасы саясаты өкілдерінен тұратын меймандар жиналды.

25.04.2025

Köktem Fest: көктемнің, күш пен достықтың мерекесі

Астана халықаралық әуежайында қызметкерлер арасында Köktem Fest мерекелік іс-шарасы өтті. Мереке аясында ұжым 5 “ауылға” бөлініп, әр топ қазақтың ұлттық дәстүрлерін, өнерін және мәдениетін таныстырды. Қатысушылар сахналық қойылымдар көрсетіп, ұлттық ойындар ұйымдастырып, шығармашылық өнерлерін ортаға салды. Köktem Fest – бұл тек мерекелік шара ғана емес, ұжымдық рухты нығайтып, әріптестер арасындағы достық пен бірлікті арттыратын жарқын алаң болды. Көктем – жаңару мен жақсы бастамалардың символы.

01.05.2025

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Астана халықаралық әуежайында ерекше бейнеролик дайындалды. Әуежайда еңбек ететін түрлі ұлт өкілдері өз ана тілінде «Бірлік күні құтты болсын!» деп айтып, барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. Бір шаңырақ астында қызмет ететін әртүрлі мәдениет пен ұлт өкілдерінің бірлігі – еліміздің басты құндылығы. Бірлігіміз бекем, татулығымыз мәңгі болсын!

04.06.2025

Астана әуежайында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны салтанатты түрде орындалды

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астана халықаралық әуежайында Мемлекеттік Әнұран салтанатты түрде орындалды. Іс-шараға әуежай қызметкерлері қатысып, еліміздің басты рәміздерінің бірі – Әнұранды бірге орындап, Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты білдірді. Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігінің, бірлігі мен егемендігінің айқын белгісі. Мереке құтты болсын!

08.08.2025

Астана халықаралық әуежайында ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған шағын викторина ұйымдастырылды

Астана халықаралық әуежайында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жолаушылар арасында шағын викторина ұйымдастырылды. Викторина барысында жолаушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылып, қатысушылар өз білімдерін сынап көрді. Белсенді қатысқан жолаушыларға шағын сыйлықтар табысталды. Іс-шараның басты мақсаты – жолаушылар арасында қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасының мұрасын насихаттап, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыру.

17.10.2025

Елорда әуежайында «Тіл – тұтастық туы» фестивалі өтті

Астана халықаралық әуежайында Қазақстан халқы тілдерінің күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне, сондай-ақ ұлы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Тіл – тұтастық туы» атты мерекелік фестиваль өтті. Іс-шара аясында қызметкерлер арасында шығармашылық байқаулар ұйымдастырылып, қатысушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, оның шығармаларына жазылған әндер мен күйлерді орындады. «Қазақ тілі – қазығым» номинациясында өзге этнос өкілдері қазақ тілін еркін меңгергенін дәлелдеп, көрермен ықыласына бөленді. Фестиваль жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

28.10.2025

Елорда әуежайында «Ұлттық диктант» өтті

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының жұмыскерлері Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылған республикалық «Ұлттық диктант» акциясына қатысты. Әртүрлі бөлімшелерден 50-ден астам жұмыскер өздерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін және сауаттылықтарын тексерді. Жоба қазақ тіліндегі жазба мәдениеті мен сауаттылықты дамытуға, сондай-ақ әуежай қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға бағытталған.

 

 



Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ