Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Оқу орталығы
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Елорда әуежайынан «Нұрлы жол» вокзалына дейін автобустардың арнайы рейсі іске қосылды
Алматы қаласының халықаралық әуежайы жұмысын уақытша тоқтата тұруына байланысты әуе рейстері Нұр-Сұлтан қаласына бағытталды. Алматы - Нұр-Сұлтан бағытында теміржол көлігі арқылы қатынау мүмкіндігі қарастылған.
Коменданттық сағат кезінде жолаушыларды жеткізу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көлік басқармасы және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен CTS ЖШС «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» – «Нұрлы жол» вокзалы арасындағы маршруттық автобустардың арнайы рейсін сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін 30-60 минут аралықпен іске қосты.
Төлем белгіленген 90 теңге тарифтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Айта кетейік, арнайы рейс Алматы қаласының әуежайы жұмысын қайта бастағанға дейін уақытша жұмыс істейтін болады.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.