• Терминал 1,  Терминал 2
    Жұмыс уақыты: тәулік бойы
    Сомасы: тегін

    Wi-Fi желісіне қосылу бойынша басшылық 

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайыныңТ1 және Т2 терминалдарында сымсыз интернет желісіне қосылу және қол жеткізу үшін келесі қадамдарды орындау қажет: 

  1. Қолжетімді Wi-Fi желілерінің тізімін ашыңыз.
  2. OpenWiFi_NQZ немесе OpenWiFi_NQZ1 деп аталатын желіні таңдап, «Қосылу» батырмасын басыңыз.
  3. Қосылғаннан кейін авторизация беті ашылады, "Жалғастыру" түймесін басыңыз.
  4. Қызмет көрсету қағидаларын танысып, өзіңіздің ұялы телефоныңыздың нөмірін енгізіңіз және "Жіберу" батырмасын басыңыз (ұялы телефон қосулы, мобильді желіде тіркелген және SMS қабылдауға дайын болуы тиіс).
  5. Егер сіз телефон нөмірін дұрыс енгізген болсаңыз, Сізге коды бар SMS хабарлама келеді. Алынған кодты келесі бетке, тиісті жолға енгізіп, "Қосылу" түймесін басыңыз.
  6. Осы әрекеттерді орындағаннан кейін желіге қосылып, интернетті пайдалана аласыз.

  

OpenWiFi_NQZ сымсыз интернет қызметінің жеткізушісі «K-tech Astana» ЖШС болып табылады. Егер сізде OpenWiFi_NQZ сымсыз интернетке қосылу бойынша мәселелер туындаса (мысалы, байланыс тұрақтылығы), Сіз провайдерге Call орталығының +7 (7172) 677 777,  ++7 701 057 51 11 телефоны арқылы хабарласа аласыз. Сондай-ақ, Сіз шағымды (ұсынысты) marketing@nn-airport.kz электрондық поштасына жібере аласыз.

 



Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ