Фито-санитариялық бақылау

Фито-санитариялық бақылауды өту қағидаларымен танысыңыз

 

Қазақстан Республикасының

«Өсімдіктер карантині» туралы Заңынан үзінді

(11 ақпан 1999 жыл, №344-І, 13 бап, 2-1-т.)

 

13 баптың 21-тармағы. Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге тыйым салынады:

 

  • карантинге жатқызылған өнімді экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификатынсыз;
  • карантиндік организмдермен залалданған, карантинге жатқызылған өнім;
  • топырақ, тамыр жайған тірі өсімдіктер топырағымен;
  • уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми мақсаттар үшін әкелінетін үлгілерден басқа, өсімдіктер ауруларын қоздыратын – тірі саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар, сондай-ақ өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер, кенелер, нематодалар, карнатиндік арамшөптердің тұқымдары.

 

Кеден одағының кедендік шекарасында карантиндік

фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды)

 жүзеге асыру тәртібі туралы Ережесінен үзінді

(Еуразиялық экономикалық одағы Комиссиясының

2010 жылдың 18 маусымындағы №318  Шешімі)

 

III. Әкелу кезіндегі карантиндік фитосанитариялық бақылауды

жүзеге асыру туралы жалпы ережелер

 

3.1. Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелінетін Карантинге жатқызылған өнімдер тізіміне енгізілген әрбір карантинге жатқызылған өнімдердің легі карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылады.

      Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелінетін жоғары тәуекелге жататын карантинге жатқызылған өнім легіне берілетін фитосанитарлық сертификат Тараптардың халықаралық келісімдерімен өзгеше көзделмеген болса Тараптартардың бірінің мемлекеттік тілінде және (немесе) ағылшын тілінде толтырылады.

3.7. Кедендік ресімдеу аяқталатын орынға әкелген кезде Карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) келесі бақылау шараларын қарастырады:

       1) құжаттарын тексеру;

      2) көлік құралдарын қарау – егер кедендік ресімдеу аяқталатын орын карантинге жатқызылған өнімді жеткізу орны болып табылатын болса;

      3) карантинге жатқызылған өнімді қарау – төмен фитосанитарлық тәуекелге жататын карантинге жатқызылған өнімге қатысты;

      4) карантинге жатқызылған өнімді қарау немесе тексеріп қарау – в отношении жоғары фитосанитарлық тәуекелге жататын карантинге жатқызылған өнімге қатысты, ішінара, фитосанитарлық тәуекелді басқару жүйесін ескере отырып;

     5) карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарау – қарау немесе тексеріп қарау нәтижесінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасымен карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру туралы шешім қабылданған жағдайда, карантинге жатқызылған өнімді заласыздандырғаннан кейін.

 

 

Кеден одағының кедендік аймағында карантиндік

фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды)

 жүзеге асыру тәртібі туралы Ережесінен үзінді

(Еуразиялық экономикалық одағы Комиссиясының 2010 жылдың

18 маусымындағы №318  Шешімі)

 

III. Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аймағында карантиндік фитосанитарлық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі

 

3.1. Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аймағында карантиндік фитосанитарлық бақылау (қадағалау) карантинге жатқызылған өнім баратынжеріндегі мемлекеттік фитосанитарлық талаптарына сәйкестілігін тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

3.3. Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аймағында Карантиндік фитосанитарлық бақылауды (қадағалуды) жүзеге асыру процедурасы кеден одағына мүше-мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес келесі бақылау шараларын қарастыра алады:

        1) құжаттарын тексеру;

        2) карантинге жатқызылған өнімді қарау;

        3) карантинге жатқызылған өнімді қарап тексеру.

 

«Қазақстан Республикасы аумағын карантиндік

объектілерден және бөтен текті түрлерден

қорғау жөніндегі қағидасынан» үзінді

(Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.

2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығы.

 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде

2015 жылы 8 қыркүйекте № 12033 болып тіркелді)

 

Параграф-4. Карантинге жатқызылған өнімді мемлекетішілік тасымалдау
кезіндегі қорғау тәртібі (өсімдіктердің ішкі карантині)

 

  1. Карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, Мемлекеттік корпорация беретін осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификаттар бар болғанда жүзеге асырылады.

      Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының карантиндік аймақтарынан әкетуге карантиндік сертификаттар беруді уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, Мемлекеттік корпорация жүргізеді.

      Карантиндік сертификаттарды беруге арналған құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған жағдайда, карантиндік сертификаттарды Мемлекеттік корпорация уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жолдайды.

  1. Жеке және заңды тұлғалар портал, уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі не Мемлекеттік корпорация арқылы карантиндік сертификат алу үшiн мынадай құжаттар ұсынады:

       1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      2) жеке басын куәландыратын құжат және өтінім берушінің өкілдік ету өкілеттілігін куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

      Уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінімді қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тарту береді.

  1. Карантинге жатқызылған өнім иесі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы кез келген қолжетімді әдіспен хабардар етеді және келген күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей межелі, жеткізу орнында карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру үшін карантинге жатқызылған өнімді көрсетеді.

      Егер тасымалдаушы өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнімді көрсетуден бас тартқан жағдайда, ол иесінің қаражаты есебінен жөнелтушіге қайтаруға жатады, ол туралы осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісі жасалады, бұл туралы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерін хабардар етедi.

 

«Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы

және кедендік аумағына әкелінетін карантинге жатқызылған

өнімдерге және карантинге жатқызылған объектілерге

қойылатын бірыңғай карантиндік

фитосанитариялық талаптардан» үзінді

(Еуразиялық экономикалық одағы Комиссиясының

2016 жылғы 30 қарашадағы №157 шешімі)

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы талаптар, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одағы туралы Келісімінің 59 бабы 3 пунктіне, 1951 жылғы 6 желтоқсандағы Өсімдіктер карантині және қорғау бойынша Халықаралық конвенцияға, фитосанитариялық шаралар бойынша халықаралық стандарттарға және Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешіміне сәйкес әзірленді.
  3. Осы Талаптар карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған карантиндік өнімдерге (карантиндік жүкке, карантин материалдарға, карантиндік тауарларға) (бқдан әрі – карантидік өнімдер), және карантиндік объектілерге қойылады және Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағына карантиндік объектілердің әкелінуі мен таралуына жол бермеуге бағытталған.
  4. Одақтың бірыңғай карантиндік объектілер тізіміне енгізілген (бқдан әрі – бірыңғай тізім) карантиндік объектілермен залалданған карантиндік өнімді Одақтың кедендік аумағына әкелуге және Одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдауға, аталған Талаптарда қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайда, тыйым салынады.
  5. Жоғары фитосанитариялық тәуекелге жатқызылған карантиндік өнімді Одақтың кедендік аумағына әкелу экспорттаушы елдердің және (немесе) реэкспорттаушы елдің өсімдіктер карантині бойынша құзырлы органдарының берген фитосанитариялық сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.

9.Одақтың кедендің аумағына жалпы салмағы 5 килограммнан аспайтын жоғары фитосанитариялық тәуекелге жатқызылған карантиндік өнімді, осы Талаптардың 10 пунктінне қарастырылған жағдайдан басқа, сонымен қатар, кеме, ұшақ, поезд вагодарының, автокөлік құралдарының, кеме, ұшақ, поезд бригадаларының мүшелері және авто көлік құралдарыныың жүргізушілеріне қол жүгімен Одақтың кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын 3 букеттен аспайтын гүлдерді фитосанитариялық сертификатсыз әкелуге рұқсат етіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.

2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде

2015 жылы 8 қыркүйекте № 12033 болып тіркелді.

"Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес);

      3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 (қырық) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және жоқ құжатты көрсете отырып, қолхат береді.

  1. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – карантиндік сертификат немесе осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту;

      2) порталда – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген электрондық құжат нысанындағы рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
  2. Мыналардың:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

      3) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша электрондық кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті www.egov.kz электрондық порталы арқылы "броньдауға" болады.

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі):

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      2) жеке басын куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушының өкiлдiгіне өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) ұсынады.

      Порталға жүгінген кезде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

      көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақытын және құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растайды;

      Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда карантиндік сертификатты көрсетілетін қызметті алушыға беруді оның жұмыскері жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не оның өкіліне нотариалды сенімхат бойынша, заңды тұлғаға өкілеттігін растайтын құжат бойынша) қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер мыналар болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының карантинге жатқызылған өнімді карантиндік жай-күйін айқындау үшін ұсынбауы;

      2) қараөрік шаркасы (Plum Pox Potyvirus) бар жемістер мен жидектерді, жалған қалқаншалы және қалқаншалы сымырларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;

      3) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (2 рет және одан көп) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау, межелі орнының өзгеру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінен ақпарат алғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде карантиндік сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;

      4) көрсетілетін қызметті алушы карантиндік сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықтауы;

      5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) карантиндік сертификатты алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты карантиндік сертификатты алумен байланысты қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

"Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 (қырық) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және жоқ құжатты көрсете отырып, қолхат береді.

  1. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – фитосанитариялық сертификат немесе осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту;

      2) порталда – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген электрондық құжат нысанындағы рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Мыналардың:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс кестесіне сай.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

      3) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастапсенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша электрондық кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті www.egov.kz электрондық порталы арқылы "броньдауға" болады.

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі):

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      2) жеке басын куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушының өкiлдiгіне өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) ұсынады.

      Порталға жүгінген кезде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

      көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақытын және құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанына растау болып табылады;

      Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда фитосанитариялық сертификатты көрсетілетін қызметті алушыға беруді оның жұмыскері жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не оның өкіліне нотариалды сенімхат бойынша, заңды тұлғаға өкілеттігін растайтын құжат бойынша) қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер мыналар болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді карантиндік жай-күйін айқындау үшін ұсынбауы;

      2) импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарымен карантинге жатқызылған өнімде анықталған карантиндік объектілердің болуы рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;

      3) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптарға сәйкессіздігінің анықталуы (экспорт кезінде);

      4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамына карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (2 рет және одан көп) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау межелі орнының өзгеру жағдайларын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті уәкілетті мемлекеттік органынан ақпарат алғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;

      5) көрсетілетін қызметті алушы фитосанитариялық сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықтауы;

      6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) фитосанитариялық сертификатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты фитосанитариялық сертификатты алумен байланысты қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

 

 

 

Толығырақ ақпаратты:

1) әуежайдың жүк терминалында орналасқан фитосанитариялық бақылау бекетінен (өсімдіктер карантині қызметінен),

телефоны: +7 (7172) 286 506

 

2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша

аумақтық инспекциясынан алуға болады

Мекен-жайы: Желтоқсан көшесі, 28А, телефоны: +7 (7172) 32 72 88

 

Сенім телефондары:

8 (7172) 327233

8 (7172) 327271

 

 



Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ

  • Паркоматты қалай қолдану керек

    Паркоматты колдану қағидасымен танысыңыз

    Толығырақ