Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Көкшетау халықаралық әуежайы
Құрылымдық бөлімшелер
Әуежай туралы
Жарнамаға арналған орын
250x250
Әуежай туралы ақпараттан хабардар болу үшін сайтымызға тіркеліңіз
Шағын ақпарат
Ішкі қауіпсіздік қызметі "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-да ақпараттық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Бөлімшенің негізгі мақсаты ақпараттық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай саясатты қалыптастыру және жүргізу болып табылады. Ақпараттық және экономикалық қауіпсіздік саласында қайшылықтарға жол бермеу және қоғамға өзге де залал келтіру әрекеттерінің жолын кесу мақсатында Қоғам қызметкерлерімен және авиакомпаниялармен өзара іс-қимыл жасау.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі құрылды. Қызметтің негізгі міндеті парасаттылықты, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы алдын алу жұмыстары және жемқорлық бағытында оқыту-ағарту жұмыстары болып табылады.
Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі инспекция операциялық бөлік пен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тексереді және сапасын бақылайды, ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету, сонымен қатар ұшулар қауіпсіздігін басқару жүйесін (ҰҚБЖ) әзірлеу, ендіру және қолдау есебінен сапаны қамтамасыз ету және ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тәуекелдерді басқару.
Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі инспекция – ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің және алыс шетелдегі Азаматтық әуе кемесінің авиациялық оқиғалар мен қақтығыстардың алдын алу жұмыстарын жүзеге асырады.
Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі инспекция құрамына СМЖ, сапаны бақылау бөлімі, ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету бөлімі кіреді.
СМЖ басқару – көрсетілетін қызметтерді тұрақты сапамен қамтамасыз ету мақсатында менеджмент жүйелерін (ISO 9001 (ИСО 9001) және IATA (ИАТА) халықаралық стандарттары) әзірлеу, ендіру және қолдау.
Сапаны бақылау бөлімі – Қоғамның сыртқы және ішкі аудиттерін жүргізу және жетекшілік ету. Түзету шараларды орындауды бақылау.
Ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету бөлімі - ӘК әуеайлақта құстармен соқтығысуын алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүргізу
Маркетинг бөлімі авиатасымалдаушыларды тарту, әуежайдың корпоративтік клиенттерімен, қатысушыларымен, серіктестерімен ұзақ мерзімді өзара тиімді қарым-қатынас орнату, әуежайдың маркетингтік стратегиясын, ақпараттық–бедел-бейне саясатын іске асыру, сондай-ақ, маркетингтік коммуникациялар мен зерттеулерді жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді.
Әуежайдың өндірістік-диспетчерлік қызметі әуе тасымалдау жоспарының жедел орындалуын, олардың тиесілігіне қарамастан әуе кемелерін жөнелтулердің жоғарғы жиілігін және әуе кемесіне қызмет көрсету кезінде әуежай қызметтерінің қызметін үйлестіруді және жедел басшылық етуді қамтамасыз етеді, ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз ету үдерісін жетілдіру және ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Жолаушыларды тасымалдау бөлімшесі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, халықаралық стандарттарға, сондай-ақ Қызмет көрсетілетін авиакомпаниялардың басшылығына сәйкес жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және қызмет көрсету мәдениетінің жоғары деңгейін қолдау мақсатында құрылды.
Қауіпсіздік бөлімшесі заңсыз араласу актілерінен азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ескертулердің және алдын алу шараларының, қағидалар мен рәсімдердің барлық кешендерін қамтамасыз етеді, жоғары қауіп-қатер немесе төтенше жағдай туындаған кезеңде ерекше шараларды, әуежай аумағында орналасқан объектілерді күзетуді, әуежай меншігінің сақталуын және олардың өртке қарсы жағдайын қамтамасыз етеді.
Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау және Астана қаласы әуежайына ұшып келетін авиакомпаниялардың талаптарына сәйкес, барлық авиажолаушылар, ұшақтың жүк таситын бөлігіне жіберілетін олардың қол жүгі мен багаждардың қауіпсіздігіне толық бақылаудан өтеді. Сондай-ақ тексеруден жүк терминалы арқылы жөнелтілетін барлық жүктер және авиатасымалдау учаскесінде өңдеуден өтетін барлық пошта жөнелтілімдерімен борт қорлары өтеді. Қауіпсіздікті бақылау арнайы жабдықталған пункттерде жүзеге асырылады. Аталған пункттер халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Қауіпсіздікті бақылайтын қызметкерлердің осы салада жұмыс тәжірибелері бар. Қызметкерлер кезеңдік дайындықтан өтіп отырады, олардың алған білімдері рұқсаттама – сертификаттарымен расталады. Рейстерге қызмет көрсету кезінде дауыс зорайтқыш байланысы арқылы әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынатын заттар туралы ақпарат беріледі. Барлық жабдықтар сертификатталған және қызметкерлер мен жолаушылар үшін қауіпсіз.
Материалдық-техникалық жабдықтау департаменті "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ қажеттіліктері үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу рәсімдерін жүзеге асырады.
Отын құю кешені нормативтік талаптарға және тұтынушылардың талаптарына сәйкес, әуе кемелерін сапалы авиациялық жанар-жағармай материалдарымен (авиаЖЖМ), арнайы сұйықтықтармен үздіксіз және уақтылы қамтамасыз етеді.
Авиаотын сақтауға арналған резервуар паркінің жалпы көлемі 16400 м3 құрайды. Әуе кемелеріне ТС-1, РТ маркалы авиаотынды құю отынқұйғыштар паркінің көмегімен және құрамына 8-тұрақтағы 16 отын гидранты және 3 гидрантты диспенсер енетін ұшақтарға орталықтандырылған автоматты отын құю жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жаңа жолаушылар терминалы іске қосылғаннан кейін 18 отын гидрантымен жабдықталған қосымша 9 тұрақты пайдалануға енгізу жоспарлануда. Әуе кемесіне құю үшін кондициялы ЖЖМ дайындау және беру отынды механикалық қоспалардан және судан көп сатылы технологиялық тазартумен қамтамасыз етіледі. Әуе кемесіне беру кезінде отынды сүзгілеу жіңішкелігі 1 мкм. АвиаЖЖМ әуе кемесіне құюға беруге дайындау кезіндегі сапасын бақылауды қажетті жабдықтармен және аспаптармен жабдықталған отын құю кешенінің зертханасы қамтамасыз етеді.
Инженерлік жүйелерді техниқалық пайдалану қызметі әуежайдың барлық ғимараттары бойынша жылу энергиясын өндіру және таратумен, ауаны баптаумен, сумен жабдықтаумен және суды бұрумен айналысады. ЖТжСТҚ қазандығында Түркия-Германияда жасалған әр қайсысының қуаттылығы сағатына 11,5кл үш қазандық құрастырылды. Салқындату жүйесі сегіз ЧИЛЛЕРДЕН тұрады, ауаны дайындайтын 55 агрегаттан және 70 сплит-ауабаптығыштардан тұрады.
Аэровокзал кешені аэровокзал кешені иелігіндегі ғимараттар мен құрылыстарды белгіленген пайдалану қағидаларына және нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес пайдаланылуын, аэровокзал кешені (ЕЖТ, ЖЖТ, әкімшілік ғимараты, VIP ғимараты) әуе кемелеріне қызмет көрсетуге, жолаушыларды, багажды және жүкті қабылдауға тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді.
Аэровокзал кешені сыртқы ұйымдармен, сондай-ақ, жарнама берушілермен байланыс жүйесін реттеу, әуежайдың коммерциялық әлеуетін барынша пайдалану үшін жалға алушыларды тарту, жолаушыларға ұсынылатын авиациялық емес қызметтердің сапасын бақылау бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді.
Персоналмен жұмыс және ұйымдық даму департаменті корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау, персоналды басқару технологияларын, қызметкерлерді іріктеу, бейімдеу, кәсіптік дамыту, бағалау және ынталандыру әдістерін жетілдіру және оңтайландыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады
Еңбекті қорғау, экология, стандарттау және метрология қызметі жұмыс берушінің атынан өндірісте қауіпсіз және денсаулыққа пайдалы еңбек жағдайын жасау, Әуежайдың құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақат пен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша шаралардың әзірленуіне және орындалуына ішкі бақылауды, сондай-ақ, ұжымдық шартқа сәйкес қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында жұмыс берушінің міндеттерін орындауды жүзеге асырады.
ҰӨАҚҚжТЖҚ ұшуларды өрттен-апаттан құтқаруды қамтамасыз етудің (ҰӨАҚҚ) және төтенше жағдайлардың (ТЖ) алдын алу және жою жөніндегі тұрақты әрекет ететін орган болып табылады. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі болғанда немесе туындаған жағдайда және ерекше кезеңде қызметкерлерді және кәсіпорын объектілерін қорғау бойынша нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес іс-шараларды жоспарлап, жүзеге асырады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: