Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға

Қызметтерді әуежай ұсынады

  • Әуежай аумағында    
    Жұмыс уақыты: тәулік бойы

    Қысқаша ақпарат

Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы авиакомпанияларға мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың қозғалысына (мүгедектер арбалары, амбулифтер және т.б. ұсыну) көмек көрсету бойынша қызмет ұсынады. Әуежай аумағында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған қызметтер тегін көрсетіледі.

Осы санаттағы азаматтарға қызмет көрсету үшін алдын-ала өтінім беру міндетті шарт болып табылады. Өтінім авиабилетте көрсетілген ұшу/қону уақытына дейін 48 сағат бұрын берілуі тиіс.

Әуежайға келгеннен кейін мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың автомашиналарына арналған вокзал маңы алаңындағы арнайы тұрақта орналасқан шақыру орны арқылы хабарласу, әуежайдың ақпарат бюросына  жүгіну немесе 8 (7172) 702-999 телефон нөміріне қоңырау шалу қажет.

 

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының инфрақұрылымы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың қажеттіліктеріне сәйкес, үнемі жетілдіріліп өтеді.

Сіздің ыңғайлылығыңыз үшін әуежайда келесілер бар:

  • бірінші жолақта орналасқан мүмкіндігі шектеулі жолаушылар автомобильдеріне арналған және автомобиль тұрағының арнайы белгісімен және тұрақтың көрінетін белгісімен белгіленген 16 орындық арналған жеке тұрақтар (мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған тұрақ тегін ұсынылыды);
  • жабық паркингте 4 орынға арналған жеке тұрақ (ақылы, тариф бойынша);
  • T2 терминалының алдында орналасқан жұмыскерлермен байланысу үшін 3 аппарат (қызыл түсті) және T1 терминалында 2 аппарат;
  • T1 және T2 терминалдарының кіреберісіндегі пандустар;
  • арнайы дәретхана бөлмелері;
  • әуежай аймағында жүру қозғалу үшін мүгедектер арбалары;
  • әуе кемесінің бортында орын ауыстыру үшін тасымалдауға арналған мүгедек арбалары бар. 

Төмендегі ақпаратты оқып шығыңыз, бұл Сіздің сапарыңызды ыңғайлы және жағымды етеді:Сапарға дайындық

Сіз немесе Сіздің отбасыңыз осы санаттағы жолаушылар қатарына жатсаңыздар және ұшуды жоспарласаңыздар, авиабилеттерді брондау және сатып алу кезінде міндеті түрде Сізге әуежайда және ұшу кезінде арнайы қызмет және көмек керек екенін хабарлаңыз. Осы қызметтер қажет болған жағдайда авиатасымалдаушыға немесе авиабилеттерді сату жөніндегі агентке сатып алу кезінде, бірақ ұшуға 48 сағат қалғанға дейін хабарлау керек. Жолаушының физикалық жағдайы ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайда тасымалдаушы тасымалдаудан бас тартуға құқылы. 

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына келетін жолаушыларға қызмет көрсету 

Нұр-Сұлтан әуежайына ұшып шыққан рейске тіркелу кезінде қонған кезде қандай арнайы қызметтер мен көмек қажет екенін міндетті түрде хабарлаңыз. Егер Сіз әуежайда өзін-өзі тіркеу дүңгіршегінде, авиакомпания сайтында немесе мобильді тіркеуді пайдалып өз бетінше өтсеңіз қонатын әуежайда Сізге қажет қызметтер туралы белгі енгізу ұшатын әуежай тіркеу орнына жолығыңыз.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында әуе кемесі қонғаннан кейін, азаматтық авиация бекітілген қағидаларына сәйкес, барлық жолаушыларды түсіргеннен кейін алып жүру және көмектесу қызметі көрсетіледі.

Сізге әуе кемесінен түсіру, багаж алу және қажеттілігіне байланысты автокөлікке дейін алып жүру көмегі ұсынылады. 

Багажды тіркеу және қызмет көрсету

Барлық авиакомпаниялардың рейстеріне мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды тіркеу кезексіз жүргізіледі. Қажет болған жағдайда Сізге шекара және кедендік бақылауда тіркеуден өтуге, багаж жеткізуге көмек көрсетіледі.

Әуе кемесінде багажды және оның өлшемдерін тегін тасымалдау нормасын авиакомпания белгілейді. Әуе кеменің бортында қолжүгін немесе тіркелген багаж ретінде жеке тасымалдау құралдарын тасымалдау кезінде шектеуді авиакомпания белгілейді. Жолаушы пайдаланатын электр жетегі бар мүгедек кресло-арбасы рейске тіркелу кезінде тапсырылады. 

Әуе көлігімен қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау бойынша ИКАО Техникалық нұсқаулықтарына сәйкес, сұйық электролиті бар арбаны пайдаланатын жолаушылар кресло-арбасына аккумулятор клеммасы мен аккумулятор үшін ораманы ажырату үшін кілт/ құралдар жиынтығы өзінде болу қажет. Электр жетегі бар кресло-арба аккумуляторының  клеммасын ажыратуды және қосуды жолаушылар өздігінен немесе қызметке қажеттілік туралы сұраным бойынша - әуежай жұмыскерлері жүзеге асырады. 

Күту және ӘК отырғызу 

Егер Сіз балалармен саяхаттасаңыз, ана мен бала бөлмесін пайдалана аласыз.

Егер Сізге медициналық көмек қажет болса және маман кеңесі керек болса, аэровокзал ішкі әуе желілер қону блогінің бірінші қабаттағы медициналық пунктке жүгініңіз (тел 8 (7172) 777-203).

Әуе кемесінің бортына тіршілік ету мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың денсаулығына байланысты әуе кемесіне алып жүруді және отырғызуды әуежай қызметкерлері жедел жәрдем машинасында, амбулаторлық лифтіде, жеке көлікпен, қажет болған жағдайда білікті медициналық жұмыскердің алып жүруімен орындалады. 

Әуежайда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсетумен байланысты барлық мәселелер бойынша тәулік бойы келесі телефон арқылы хабарласуға болады:

Байланыс орталығы (біріңғай анықтама)

  • +7 (7172) 702-999

Медициналық қызмет көрсету

  • +7 (7172) 777-203
 


Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ

  • Паркоматты қалай қолдану керек

    Паркоматты колдану қағидасымен танысыңыз

    Толығырақ