Ветеринарлық бақылауды өту қағидаларымен танысыңыз
Рейстер бойынша ақпарат
Жарнамаға арналған орын
250x250
Т1 терминалы, бірінші қабат
Жұмыс уақыты: тәулік бойы
Ветеринарлық бақылау жайында ақпарат
Шекара мен көліктегі ветеринариялық санитариялық бақылау және қадағалу бөлімі
phone 99-76-50
«Халықарлық әуежай» бекеті
phone 28-65-12
Қазақстан Республикасының аумағына жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының қоздырғыштарын әкелудің және таратудың алдын алу, сондай-ақ басқа мемлекеттерден адамдардың денсаулығына, жануарлар мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін бақылауда болатын жүктердің әкелінуін болдырмау мақсатында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды (бұдан әрі-мемветқадағалау) жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) шекара және кеден пункттерінде (мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде) шекарадағы және көліктегі мемветқадағалаудың аймақтық бөлімшелерінің шекаралық ветеринариялық бақылау постарын (бұдан әрі-шекветпостар) ұйымдастырады.
1)жануарлар-үй жануарлары, жабайы жануарлар, зоопарктегі, цирктегі, лабораториялық, декоративтік, терісі бағалы жануарлар, теңіз жануарлары және басқа гидробионаттар, құстар, аралар, балақтар, жыныстық және соматикалық клеткалы (эмбриондар, ұрықтар, ұрықтандырылған уылдырық, инкубациялық жұмыртқалар) жануарларды қоса алғанда, жануардың барлық түрлері;
2) жануарлардан алынатын өнімдер-тиісінше өңделмей тамаққа пайдаланылмайтын ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмырқа және жұмыртқа өндірісінің, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнімдері;
3) жануарлардан алынатын шикізаттар-тері, жүн, қыл, қылшық, аң терісі, түбіт, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ, жануарларды азықтандыруға арналған жануарлардан басқа да өнімдер;
4) ветеринариялық препараттар, жемшөп, жемшөптік қоспалар.
Қазақстан рЕспубликасының аумағына басқа мемлекеттерден эпизоотиялық жағынан қолайлы мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктерді әкелуге мынадай талаптар сақтала отырап:
1) уәкілетті орган белгілеген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сай болған және ветеринариялық сертификатпен немесе ветеринариялық куәлікпен расталған;
2) экспорттаушы елдердің эпизоотологиялық жағдайын бағалауды ескере отырып қабылданған, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының немесе оның орынбасарының рұқсаты болған да етіледі.
Бақылауда болатын жүктердің экспортына рұқсатты рәсімдеу үшін жүк иесі кемінде 15 күн бұрын жүктің шыққан (тұрған) жері бойынша уәкілетті органның облыстық (қалалық) аумақтық бөлімшесіне импорттаушы-елдің ветеринариялық талаптарына сәйкес сұранысына (немесе ветеринариялық сертификаттың үлгісіне) қоса берілетін түпнұсқасын және оның мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасын импорттаушы елді, жүктің атауын, көлік құралының түрін және Қазақстан республикасы мен ТМД елдерінің мемлекеттік шекараларын қиып өткізу пункттерін көрсете отырып өтініш жасайды.
Бақылауда болатын жүктерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы алып өту ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның бақылаудағы жүктерді транзиттік алып өтуге берген рұқсатының мерзімі 30 күн.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.