Кедендік бақылау

Кедендік бақылауды өту қағидаларымен танысыңыз

  • Терминал 1, екінші қабат
    Жұмыс уақыты: тәулік бойы

    Кедендік бақылау жайлы ақпарат

Құрметті жолаушылар!

Біз Сізді Қазақстан жерінде қарсы алуға қуаныштымыз және біздің еліміз өзінің әлемге белгілі керемет қонақжайлығымен Сізге өте бір жақсы әсер қалдырады деген үміттеміз.

Егер Сіз саяхатқа шығуға жиналсаныз және ол сәтті өтсін десеніз, саяхатшыларға арналған кейбір ережелермен танысу артық болмайды.

Сіздің назарыңызға Қазақстан Республикасының халықаралық өткізу пункттерінде кедендік бақылаудан және ресімдеуден өтудің негізгі нормалары мен ережелерін ұсынамыз.

 

Декларациялау

Егер Сіз өзіңізбен бірге алып жүретін құнды заттарыңызды жолаушылар декларациясында көрсетсеңіз, кедендік ресімдеулерге кететін уақытыңызды үнемдей аласыз.

 

Жеке тұлғалардың Кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шарт (Ресей Федерациясы, Қазақстан және Белорусия Республикалары үшін)

(Ресей Федерациясы, Қазақстан және Белорусия Республикалары үшін)

2010 жылғы 5 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Жеке тұлғалардың Кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шарт жеке тұлғалар үшін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын әкелудің және әкетудің мынадай тәртібін белгілейді:

 

  • 1Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел және (немесе) ұлттық валютаны, вексельдерді, чектерді (оның ішінде жол чектерін), құжаттандырылған нысандағы бағалы қағаздарды Кеден одағының кеден аумағының бір бөлігі болып табылатын аумақтан Қазақстан Республикасына әкелуі немесе аумаққа Қазақстан Республикасынан әкетуі шектеусіз және кедендік декларациялаусыз жүзеге асырылады.
  • 2Баламасы 10 мың АҚШ долларынан асатын жалпы сомадағы қолма-қол шетел және (немесе) ұлттық валютаны (қымбат металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және (немесе) жол чектерін үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасына біржолға әкелген немесе Қазақстан Республикасынан үшінші елдердің аумағына әкеткен кезде көрсетілген құндылықтар әкелінетін немесе әкетілетін құндылықтардың барлық сомасына жолаушының кедендік декларациясын беру арқылы жазбаша нысанда кедендік декларациялануға жатады. Жеке тұлғаның қалауына қарай жолаушының кедендік декларациясын өз еркімен беруіне рұқсат етіледі.
  • 3Жеке тұлғаның вексельдерді, чектерді (жол чектерінен басқа), сондай-ақ эмитенттің (борышкердің) ақша қаражатын төлеу жөніндегі міндеттемесін растайтын, осындай төлем жүзеге асырылатын тұлға көрсетілмеген құжаттандырылған нысандағы бағалы қағаздарды үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан үшінші елдердің аумағына әкетуі олардың жазылған сомасына немесе номиналдық құнына қарамастан жолаушының кедендік декларациясын берген кезде жүзеге асырылады.

 

Тауарларды жеңіл тәртіпте ресімдеу үшін келесі құжаттарды көрсету қажет:

 

  • 1жеке күәлікті немесе төлқұжатты;
  • 2меншік құқығын растайтын құжаттарды (жүк құжаттамасын, шоттарды, тауар чектерін және басқа да төлем құжаттарын);
  • 3тауардың шыққан жерін растайтын құжаттарды (этикеткаларды, тауардың таңбасын, биркаларды, паспортын немесе сапа сертификаттарын, сондай-ақ осы тауарды толық өңдіріп шығарған немесе жеткілікті өндеуден өткізген елі көрсетілген басқа да құжаттарды);
  • 4егер тауар ветеринарлық, фитосанитарлық және т.б. бақылаудан өткізілетін болса, осыған сәйкес сертификаттарды;

 

2011 жылғы 19 қазандағы № 95 ЕврАзЭС халықаралық мемлекеттік Кеңесінің шешімімен 2010 жылғы 18 маусымдағы «Жеке тұлғалардың жеке қолданысына арналған тауарларды кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібі және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жүзеге асыру» туралы Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасы Үкіметтері арасындағы Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманың қабылданғандығы туралы хабарлаймыз. Аталған өзгерістер әуе көлігімен әкелінетін тауарлар үшін бажсыз өткізу құны мөлшерінің өсуіне қатысты. Бұдан бұрын жолаушы жеке қолданысына арналған тауарды 1 500 Еуроға дейін бажсыз өткізе алса, енді 2011 жылғы 19 қазаннан бастап құны 10 000 Еуроға дейін тұратын тауарды бажсыз өткізуге болады. Бажсыз өткізілетін тауарлар салмағының мөлшері өзгеріссіз қалды, ол 50 кг. құрайды. Аталған бажсыз тасып өткізу нормалары ілеспесіз және ілесіп жүретін жүктермен бірге кездесетін тауарларға қолданылады. Сонымен қатар, көліктің түріне қарамай (яғни, тауарды қабылдаушы шекарадан өтпейді) жеке тұлғаның атына жіберілетін тауарлар үшін де бажсыз тасып өткізу нормалары өзгеріссіз қалды, оның құны 1 000 Еуродан аспайтын 31 кг. құрауы тиіс.

Тауарларды сатып алу кезінде меншік құқығын және тауарлырдың шыққан жерін растайтын құжаттарды сақтау керек.

Әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған тауарларды алып жүруге болмайды.

Саяхатыңызды ойдағыдай өткізгіңіз келсе қару, наша, психотропты, улы заттар мен прекурсорлар сияқты т.б. тыйым салынған заттарды алып жүрмеуді ұсынамыз.

 

Кедендік ресімдеуден өту мәселелері бойынша қосымша білікті кеңес алу үшін төмендегі телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызға болады:

+7 (7172) 286 437, 286 438, 286 398

 

Даулы жағдай туындаған кезде

Егер Сіз кеден органдарының қызметкерлерінің талаптарын заңсыз деп тапсаңыз, онда осы кеден органдарының жоғары тұрған лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ жоғары тұрған кеден органдарының өкілдеріне, кеден органдарының қызметкерлерінің орынсыз іс-әрекеті туралы, олардың аты-жөнін, кеудеге тағылатын белгісінің нөмірін көрсете отырып, шағымдануға құқыңыз бар. Пікір талас немесе даулы жағдайлар туындаған кезде төмендегі телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызға болады:

phone +7 (7172) 227 332, 227 310, 227 330

Егер Сіз берілген түсініктемелерге қанағаттанбасаңыз, онда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төмендегі телефон нөмірлері арқылы хабарасуыңызға болады:

 

phone +7 (7172) 794 680, 794 580, 794 552

Бұл телефондар арқылы Сіз берген ақпарат қабылданады және даулы жағдайда пайда болған мәселелерді шешу үшін барлық қажетті шаралар қолданылады.

 

Демалысыңыз сәтті болсын



Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ

  • Паркоматты қалай қолдану керек

    Паркоматты колдану қағидасымен танысыңыз

    Толығырақ