ТӘУЕЛСІЗДІК – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

ТӘУЕЛСІЗДІК – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

Сіздерді ұлтымыздың ұлық мерекесі – Қазақстан Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз.

Мемлекетіміздің әуе кемелері әлемнің төрт бұрышына самғап, оқу-білім, ғылым іздеген, спорт пен мәдениет сайысына ұмтылған мыңдаған ұл-қыздарымыз үздік әуежайдан аттанып, жеңіспен және сүйінші жаңалықтармен елге оралсын! Береке-бірлігі мен ынтымағы жарасқан әуежайдың үлкен ұжымының атынан баршаңызды ҚР Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. 

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

Ізгі тілекпен,
Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының
Басқарма Төрағасы
Жолдасов Ерғазы Әбірұлы



Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ