«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ екінші жыл қатарынан World Airport Awards-та Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік өңірлік әуежай болып танылды

Барлық жаңалықтар

2023-03-16

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ екінші жыл қатарынан World Airport Awards-та Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік өңірлік әуежай болып танылды

Нидерландының Амстердам қаласында өткен «Passenger Terminal Expo 2023» халықаралық көрмесінде табысталды.
World Airport Awards әлемдік әуежай индустриясындағы ең беделді марапат, ол сапа стандарты болып саналады және әлемнің 550-ден астам әуежайында тұтынушыларға қызмет көрсету мен жайлылықты бағалайды.
«Біз бұл жоғары бағаны қайта алғанымызға өте қуаныштымыз. Біздің әуежай Орталық Азиядағы ең көп жұмыс істейтін әуежайлар арасында екінші орында, сонымен қатар посткеңестік кеңістіктегі әуежайлар арасында 12-ші орында. Елордалық әуежай елдегі ең ірі әуежайлардың бірі болып табылады, сонымен қатар негізгі отандық және бірқатар шетелдік авиакомпаниялар үшін базалық әуежай болып табылады және бүгінгі таңда жолаушыларға да, авиакомпанияларға да үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес қызмет көрсету үшін толық инфрақұрылымға ие», - деді әуежайдың Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин.
Ол сондай-ақ кәсіпорынды дамыту IATA және ICAO халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. Мемлекеттің визит карточкасы бола отырып, елордалық әуе айлағы Астана қонақтары мен жолаушыларына қолайлы жағдай жасау бойынша қолдан келгеннің бәрін жасайды. Цифрлық мүмкіндіктерді дамыту арқылы жолаушылар онлайн тіркеуді жүргізе алады, рейстерді бақылай алады және қызметтерге ақы төлей алады.
Марапаттар 8 айлық зерттеу кезеңінде әуежай клиенттерімен толтырылған World Airport Survey (әлемдік әуежайды зерттеу) сауалнамаларына негізделген. Сауалнама мен марапаттар әуежайдың қандай да бір бақылауынан немесе ықпалынан тәуелсіз. Зерттеу әуежайдағы тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын және негізгі көрсеткіштердің тиімділігін тіркеуден бастап келу, тасымалдау, сатып алу, қауіпсіздік және паспорттық бақылауға дейін бағалайды.
Естеріңізге сала кетейік, елордалық әуе айлағы өткен жылы да осы марапатқа ие болды.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ