Астана – Баку тікелей рейсі іске қосылды

Барлық жаңалықтар

2023-03-17

Астана – Баку тікелей рейсі іске қосылды

Рейстің алғашқы жолаушыларын бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алып, шығарып салды. Салтанатты шараға «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма Төрағасының инфрақұрылымды дамыту жөніндегі орынбасары Руслан Пыштанов және «AZAL» авиакомпаниясының өкілдері қатысты.
Әзірбайжан астанасына 16 наурыздан бастап аптасына 2 рет тікелей ұшуға болады.
Қазақстан астанасынан Бакуге рейстер сейсенбі және жұма күндері, кері бағытта - дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшатын болады.
Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Әзірбайжан мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ