Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Әуежай туралы
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
300 000 доллардан астам ақша: Астана әуежайында ұшу кезінде валютаны заңсыз әкету әрекеттерінің жолы кесілді - авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері марапатталды
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында жолаушыларды рейс алдындағы тексеру барысында Қазақстаннан тысқары жерлерге ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны заңсыз шығару әрекеттерін анықтауға және жолын кесуге елеулі үлес қосқан авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлеріне – тексеру инспекторларына алғыс хаттар табыс етілді.
2025 жылдың басынан бері (4 айдан астам) елден шығу кезінде 300 000 АҚШ долларынан асатын қаражатты заңсыз тасу әрекетінің 18 фактісі анықталды. Осы оқиғалардың барлығы авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлерінің көмегімен жедел түрде тоқтатылып, кейін ақпарат әуежай бөлімшелері мен кеден органының өзара іс-қимылының бекітілген технологиялық схемасына сәйкес кеден қызметіне берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына сәйкес ұлттық мүдделерді қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 10 000 АҚШ долларынан асатын шетел валютасы мен ақша құралдарын елден шығаруға тыйым салынған.
«Біз авиациялық қауіпсіздік қызметіндегі әріптестерімізге ұқыптылығы, кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін алғыс айтамыз. Олардың іс-әрекеттерінің арқасында заңбұзушылықтар дер кезінде анықталды. Бұл нәтижелер тиімді өзара іс-қимылдың және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ортақ көзқарастың айқын мысалы», - деді Әуежай қалалық мемлекеттік кеден басқармасының басшысы Абылай Молдабеков.
Алғыс хаттармен авиациялық қауіпсіздік қызметінің келесі жұмыскерлері марапатталды:
Сулеев Ғабит Нығметұлы – тексеру бөлімінің басшысы;
Мухаметжанова Ляйля Амировна;
Сапиева Асем Кожабековна;
Ибрагимова Айнур Алтыбайкызы;
Аринова Акмарал Несипхановна;
Бисимбаев Женис Кабиденович;
Темиров Аскар Асхатович;
Исаев Даурен Нуртаевич;
Муханова Макпал Ердесовна;
Салимов Нуржан Нишонович;
Оразтай Асылхан Талгатович;
Ахметова Перизат Умирхановна;
Әбдрахман Әсел Данілқызы.
Капиталдың елден заңсыз шығарылуына қарсы күрес және ұлттық экономиканы қорғау бойынша бірлескен жұмыс жалғасады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабына сәйкес, жоланымға қойылатын жалпы талаптар бар екенін хабарлайды:
Өз кезегінде, Кодекстің 64-бабының 4-тармағына сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Осыған байланысты, Сіздің жолданымыңызды Қоғамның қабылдауы, тіркеуі және қарауы үшін оны төменде көрсетілген әдістердің бірімен беру қажет: