Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Қазақстан ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша аудитінен өтті
Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік бойынша аудитінен табысты өтіп, халықаралық стандарттарға сәйкестігінің жоғарғы деңгейін дәлелдеді.
ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің ИКАО талаптарына сәйкестігі ресми түрде 83%-ды құрап, 2009 жылғы аудиттің қорытындысы 62%-бен салыстырғанда 21%-ға жоғарылады. Қазақстанның жаңа көрсеткіші орташа әлемдік деңгейден (72%) 11%-ға асып тұр. ИКАО аудиті – мемлекеттің азаматтық авиация саласының қауіпсіздік жүйесін бағалаудағы ең объективті құралдардың бірі. Елеулі ескертпелер мен ИКАО аудитінің төмен бағалауы басқа елдерге ұшуға тыйым салу сияқты шектеулерге алып келуі мүмкін. 2017 жылдың қараша айында ИКАО комиссиясы әуежайлардың қауіпсіздік жүйесін кешенді тексеру мақсатында авиациялық қауіпсіздік бойынша аудит жүргізді. Сарапшылардың бағалауы 480 мәселе бойынша жүргізілді. Ал, 2009 жылғы аудитті өту кезінде тексеру 299 мәселе бойынша жүзеге асырылған болатын. Бұл авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ИКАО талаптарының күшейтілгенін көрсетеді. Бұл ретте, мемлекеттердің ИКАО тексерісінен өту қиындап тұрған тұста халықаралық сарапшылардың тарапынан Қазақстанның жоғары баға алуы көрсеткіштің маңыздылығын арттыра түседі. 2017 жылғы Аудит қорытындысы бойынша авиациялық қауіпсіздік деңгейі жөнінен Қазақстан әлемдегі озық елдер қатарынан орын алды.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.