Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді

Барлық жаңалықтар

2018-04-04

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында кәсіпорын объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Жоспарларға сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйін, жайларды, адамдардың жаппай топтану орындарын өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне тексеру жүргізіледі.

Тар орындар немесе жетіспеушіліктер анықталған кезде дереу шаралар қабылданады. Қызметкерлерге авиациялық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, өрт кезінде, жолаушыларды эвакуациялау және алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде іс-әрекеттер тәртібі мен қағидалары бойынша нұсқамалар, жаттығулар және қажетті оқыту жүргізіледі.

Ү.ж. наурызында Әуежай комиссиясы жолаушылар терминалдарына ерекше көңіл аударып, әуежай объектілерінде жоспардан тыс тексеріс және зерделеу жүргізді.

Іс-шара барысында терминалдардың барлық жайлары, ұшу және ұшып келу залдары, қоғамдық тамақтану орындары, эвакуациялық есіктер мен өтпелер, автоматты өрт сигнализациясы жүйесінің, эскалаторлар мен лифттердің, штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде дыбыстық ескерту жұмысы тексерілді.

Тексеріс нәтижесі бойынша өрт қауіпсіздігі нормаларын бұзушылық анықталған жоқ, өрт қауіпсіздігі жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар анықталды. Қоғам елорда әуежайындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде өткізетін болады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ