Елорда әуежайы сенбілік өткізді

Барлық жаңалықтар

2018-04-21

Елорда әуежайы сенбілік өткізді

Астана қаласын абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау бойынша қалалық сенбілік аясында елорда әуежайының қызметкерлері 2018 жылғы 21 сәуірде көктемгі дәстүрлі іс-шараға белсене қатысты. Тек қана көрсетілетін қызмет сапасымен ғана емес, аумақты таза күйінде ұстау жағынан да еліміздің ең үздік әуежайлары атауын абыроймен ұстау үшін қарлы қыстан кейін аумақты және іргелес аймақты тиісті тәртіпке келтіру қажет. Кәсіпорын және сыртқы ұйым қызметкерлері бірлесе отырып, барынша күш-жігерімен қоқысты, өткен жылғы жапырақтарды жинап, ағаштар мен бұталарды сылап, гүлзарларды, шағын сәулет қалыптарын және т.б. қалпына келтірді.     

Барлығы 500-ден астам адам, автомобиль мен басқа да техниканың 15-тен астам бірлігі қатыстырылды. Өткізілген сенбіліктен кейін әуежай объектілері, аумағы әсемдікке бөленіп, көктемгі жарық күннің шуағымен жарқырай түсті.

 

 

 

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ