Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында шағын футболдан турнир болып өтті

Барлық жаңалықтар

2018-05-13

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында шағын футболдан турнир болып өтті

Астананың 20-жылдығына орай Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында осы ұйымның бөлімшелері арасында шағын футболдан турнир болып өтті. Шараны ұйымдастыруға «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы мен Халықаралық әуежайдың бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйытқы болды. Турнирге 11 команда қатысты. Жарыстың ашылуына әуежай басшылары қатысып, футболшыларға сәттілік тіледі. Жарыс қортындысы бойынша, бірінші орын - Тасымалды ұйымдастыру қызметіне, екінші орын- Перронда қызмет көрсету қызметіне және үшінші орын Іздеу бөлімшелеріне бұйырды. Турнирдің үздік шабуылшысы Мақсат Шишмағамбетов деп танылса, үздік қорғаушы – Ерболат Таутөлеуов және үздік қақпашы Данихан Қасеновтер марапатталды. Жарысқа қатысушы жеңімпаз командаларға кубоктен өзге ақшалай сыйлықтар тапсырылды.  

 

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ