Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы балаларға демалыс ұйымдастырды
15 маусымнан бастап 24 маусым аралығында 8-12 жас аралығындағы 31 бала- Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жұмысшыларының балалары «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы мен Халықаралық әуежайдың бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен Щучинск – Бурабай курорттық аймағында орналасқан «Discovery-Borovoe» сауықтыру демалыс орталығында жаздың бар қызығын сезінді.
«Discovery-Borovoe» сауықтыру демалыс орталығында өткізген әрбір күн олар үшін спорттық жарыстарға, қызықты байқауларға, көңілді ойындарға толы болды.
Ол жерде балалар жаңа өлеңдер мен билерді үйренді, оригами өнерін үйренді, өздерін актер рөлінде сынады, тренингтерге қатысты. Таза ауада уақыт өткізгеннен кейін балаларды жайлы асхана күтті, асханада дәрумендер, балғын жемістер мен көкөністер мол болды. Міндетті түрде болған демалыстан кейін балалар бассейндерде суға түсті, көңілді су эстафеталары өтті.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.