Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы «Наурыз мейрамын» атап өтті

Барлық жаңалықтар

2019-03-21

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы «Наурыз мейрамын» атап өтті

2019 жылғы 21  наурызда сағат 11.00-де әуежай аумағында «Наурыз мейрамы» ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шараны аша отырып, елорда әуежайының Басқарма төрағасы Р. Әдимолда барлық қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, оларға бақыт, бірлік, табыс тіледі.

Арнайы дайындалған алаңда киіз үй орнатылып, келген қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты. Дастарқанның ең басты тағамы өмірдің 7 элементтерінен тұратын Наурыз көже болды.

Көрермендер халық әндері мен билерін тамашалады. Ән мен би арасында конкурстар ұйымдастырылды, онда көрермендер өздерінің Наурыз туралы білімін және зейінділігін көрсетті.

Концерт бағдарламасы мен конкурсқа қатысушылардың барлығы жүлделерге ие болды. «Наурыз мейрамы» көктем мерекесін барлық қонақтар тамаша шығармашылық нөмірлерді тамашалап, дәмді тағамдардан дәм татып, көтеріңкі көңілмен өткізді.

Осындай ұлттық мерекелер мен мәдени қоғамдық іс-шараларды өткізу елордалық әуежайдың әлеуметтік саясаттарының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ