«Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарымен кездесу

Барлық жаңалықтар

2019-10-24

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарымен кездесу

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы "Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналімов Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының бастауыш партиялық ұйымына келді.

Ерлан Қаналімов БПҰ төрағасы Ғабит Тәжімұратов және оның орынбасары Қуандық Рыспаевпен бірге жолаушылар терминалдарын аралап шықты, халықаралық және ішкі ұшу терминалдарын  бір бірімен біріктіретін өтпелі галерея құрылысының барысымен танысты.

Кездесу барысында Ерлан Қаналімов жиналғандарды партиялық жобалармен таныстырып, олардың әрқайсысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді және артықшылықтарын атап өтті, сонымен қатар партия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. 

БПҰ белсенді мүшелері алғыс хаттармен, гүлшоқтармен марапатталды, партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табыс етілді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ