Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
БІЗДІҢ АРУЛАР
Қымбат Кеңесқызы Баденова.1968 жылы 25 маусымда Целиноград қаласында көп балалы жұмысшы отбасында дүниеге келген. Өз өмірінде әуежайда жұмыс істеуге көп уақыт жұмсаған әкесі мен анасына қарап, Қымбат Кеңесқызы есейе келе ата-анасының жолын қуып, «техник метеоролог» мамандығы бойынша Мәскеу МГМТ бітірді. Целиноградтың біріккен авиажасағында тәжірибеден өтіп, сол жерде жұмыс істеуге қалады.
Көп ұзамай тұрмысқа шығып, Дамир ұлын туды, қазір ол 26 жаста. Ұлы да Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайда еңбек етуде. Қымбат Кеңесқызының жолдасы да елордалық әуежайда инженерлік авиациялық қызметтегі ауысым бастығы болып жұмыс істейді.
Қымбат Кеңесқызының көптеген қызығушылығы бар. Ол үйде оқуды, тоқуды жақсы көреді. Бірақ жүзу мен сурет салуға ерекше көңіл бөледі.
Қымбат Кеңесқызы әуежайда қоймашы-оператор лауазымында 17 жыл жұмыс істейді. Бұған дейін 8 жыл авиаметстанция қызметінде (АМС) жұмыс істеген. Жинақталған жан-жақты тәжірибе мен шығармашылық желі ұйымдастыру жұмысының сыналған әдістерін қайта пайымдауға және оларды жаңа, қайталанбас түрде көрсетуге көмектеседі.
Қымбат Баденованы әріптестері идеялық шабыттандырушы деп санайды, ол ерлер ұжымындағы ең білікті қызметкер. Беделді және құрметке ие, көшбасшы болып табылады. Ол қарым-қатынасқа тез түсетін жан-жақты, мейірімді, сүйкімді, зерделі және өз-өзіне талап қойғыш тұлға.
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.