Басқарма төрағасының Наурыз мерекесімен құттықтауы

Барлық жаңалықтар

2020-03-21

Басқарма төрағасының Наурыз мерекесімен құттықтауы

Құрметті достар! Бүгін біз Наурыз мейрамын атап өтудеміз. Наурызда күн мен түн теңеліп, Жер-Ана табиғат қайта жаңаратын кезең!

Қазіргі уақытта біз коронавирустық инфекцияға байланысты төтенше жағдайға тап болдық. Қаладан кіру және шығу, көліктің қозғалысы шектелді, барлық ішкі және халықаралық әуе қатынастарының үлкен бөлігі тоқтатылуда. Осының барлығы Қазақстан экономикасына да, жалпы әлем экономикасына да теріс әсерін тигізуде. Біз осы уақытша қиындықтарды тез еңсереміз деп үміттенеміз.

Осы жағдайға қарамастан, Сіздерге тамаша көңіл-күй тілеймін. Тек оң ойлар жетегінде болып, жаңашылдыққа, тазалыққа ұмтылуыңызға тілектеспін. Өміріміздің әр күні жақсылық пен ізгілікке толы болсын. Барлық ойлаған жоспарларыңыз толық орындалып, денсаулықтарыңыз артып, қаржылық әл-ауқаттарыңыздың нығаюына тілектеспін!

Құрметпен, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Басқармасының төрағасы 

Ғабит Тәжімұратов

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ