Құрметті жолаушылар!

Барлық жаңалықтар

2020-05-21

Құрметті жолаушылар!

Короновирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, Сіздердің зейіндеріңізді жолаушылар жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтау және ұшу/ұшып келу аймақтарында жолаушылар арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарының (бетперделердің) міндетті түрде болуы қажеттігіне тағы да аударғымыз келеді.

Объективті бақылау құралдарына мониторинг жүргізу барысында осы талаптардың көптеген бұзушылықтары тіркелді.
ТЖ режимінің аяқталуы карантин режимі аяқталды дегенді білдірмейді. Коронавирустың таралу қаупі әлі де жоғары.

Әуежай терминалдарына жеке қорғаныс құралдарынсыз (маскалар) кіруге тыйым салынғанын тағы да еске салғымыз келеді.

Санитарлық нормалар бұзылған жағдайда біз қайта қатаң карантин режиміне оралуымыз мүмкін.

Әрқайсыңыздан қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Құрметпен, “Астана халықаралық әуежайы” АҚ әкімшілігі

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ