Көлік
Демалыс және бос уақыт
Жалпы пайдаланылатын қызметтер
Коммерциялық қызметтер
Арнайы қызметтер
Қосымша қызметтер
Бос қызмет орындары
Оқу орталығы
Байланыс
Баспасөз-орталығы
Сұрыптау
Жарнамаға арналған орын
250x250
Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы
Құрметті жолаушылар, Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2010 жылғы 22 мамырдағы № 37-ПГВр қаулысына сәйкес,
1) Қазақстан Республикасына шет елден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шаралар мынадай тәртіппен өткізіледі:
1.1) Қазақстан Республикасына шет елден қайта басталған халықаралық тұрақты авиарейстермен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, осы қаулыға 44-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады.
Қазақстан Республикасы
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің
2010 жылғы 22 мамырдағы № 37-ПГВр
қаулысына
44-қосымша
Елдер санаттары және тұрақты халықаралық авиарейстермен келетін жолаушыларға қатысты шектеу шаралары
Санат |
Елдер |
Шектеу шаралары |
1.Бірінші санат |
ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Тайланд |
1) дене қызуын өлшеу; 2) сауалнама жүргізу. |
2. Екінші санат |
Түркия
|
Қазақстан Республикасына келген жолаушылар: 1) дене қызуын өлшеу; 2) сауалнама жүргізу; 3) алған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19 тексеру туралы анықтама (бұдан әрі - Анықтама) болған кезде-шектеусіз; 4)анықтама болмаған жағдайда - келу орны бойынша (шетел азаматтары үшін), тұрғылықты мекенжайы бойынша (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін), келу күнінен бастап 48 сағат ішінде өтудің міндеттілігі туралы хабарламаны бере отырып, ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық тексеру. |
3. Үшінші санат |
Бірінші және екінші санаттағы елдерді қоспағанда, барлық елдер |
Авиарейстерге тыйым салынады |
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.