«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының ұжымы Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевқа сауығуын тілеп ашық хат жолдады

Барлық жаңалықтар

2020-06-19

«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының ұжымы Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевқа сауығуын тілеп ашық хат жолдады

«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының ұжымы Республикамыздың Тұңғыш Президентінде коронавирустық инфекцияның анықталғаны туралы жағымсыз хабарды қатты күйзеле отырып, қабылдады.
Сырқаттанушылырдың өсуі және Қазақстанда жұқтырғандар санының артуы біздің халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шектеу шараларының маңыздылығын тағы да көрсетеді.
Емделіп жатқан барлық адамдарға шын ниетімізбен және шын жүректен тезірек сауығып кетуді тілейміз және қазақстандықтардың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген жылы лебізіне қосыламыз.
Әуежайдың барлық қызметтері осы күрделі кезеңде әуе кемелеріне қызмет көрсетуді, соның ішінде отандастарымызды шет елдерден қайтару, сондай-ақ жүктерді, дәрі-дәрмектерді және гуманитарлық көмекті тасымалдауды тәулік бойы қамтамасыз етуді жалғастыруда.
Елордалық әуежайда карантиндік режим сақталады, әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтау қажет. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жолаушылар терминалдарына кіретін жерлерде дене қызуын өлшейтін автоматтандырылған жабдық орнатылады. Біздің ортақ қауіпсіздігіміз бен денсаулығымызға қажетті қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз!

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ