Құрметті жолаушылар!

Барлық жаңалықтар

2020-07-03

Құрметті жолаушылар!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комиссиясы 2020 жылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы, оның ішінде:

 

  1. Халықаралық әуе қатынасын елдер тізімін одан әрі ұлғайтпай сақтауға;
  2. Аймақтар арасындағы әуе қатынасын, темір жол қатынасын (шектеулермен) сақтауға шешім қабылдады.

 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 24 маусымдағы № 42 қаулысында халықаралық жолаушылар авиарейстерімен шетелден Қазақстан Республикасына келген адамдарға қатысты шектеу шаралары келесі кестеге сәйкес жүргізіледі деп айтылған.

 

Елдер санаттары және халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келетін жолаушыларға қатысты шектеу шаралары

 

 

Санат

Елдер

Шектеу шаралары

1.

Бірінші санат

ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Тайланд, Венгрия, Үндістан, Германия,

Чехия, Малайзия

 

1) дене қызуын өлшеу;

2) сауалнама жүргізу..

 

2.

Екінші санат

Түркия, Египет, Украина, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан

 

Үшінші санаттағы елдерден тұрақты емес (эвакуациялық және чартерлік) рейстер.

 

1)       дене қызуын өлшеу;

2)       сауалнама жүргізу;

3)                  алған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19 тексеру туралы анықтама (бұдан әрі - Анықтама) болған кезде - шектеусіз;

4)                  анықтама болмаған жағдайда - келу күнінен бастап 48 сағат ішінде өтудің міндеттілігі туралы хабарламаны бере отырып, келу орны бойынша (шетел азаматтары үшін), тұрғылықты мекенжайы бойынша (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық тексеру немесе 14 күнге үй карантины. 

 

3.

Үшінші санат

Бірінші және екінші санаттағы елдерді қоспағанда, барлық елдер.

Тұрақты әуе рейстеріне тыйым салынады.

 

  • Бұл ретте Қазақстан Республикасы ресми сайтында жарияланған Еуропалық кеңестің ақпаратына сәйкес Қазақстан Республикасы халықаралық ұшуларға шектеулерді алып тастауға ұсынылған елдер тізбесіне кірмеген.

 

https://www.consilium.europa.eu/en/press/press-releases/2020/06/30/council-agrees-to-start-lifting-travel-restrictions-for-residents-of-some-third-countries/

 

  • Өзекті бағыттар мен рейстер кестесін авиакомпаниялар мен біздің әуежайдың ресми сайттарынан қараңыз.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ

  • Паркоматты қалай қолдану керек

    Паркоматты колдану қағидасымен танысыңыз

    Толығырақ