Нұр-сұлтан — Үшарал бағыты бойынша тұрақты әуе рейстері туралы

Барлық жаңалықтар

2020-07-20

Нұр-сұлтан — Үшарал бағыты бойынша тұрақты әуе рейстері туралы

«Qazaq Air» авиакомпаниясы, ішкі туристік бағыттар бойынша тасымалдауға сұранысты қанағаттандыру мақсатымен субсидияланатын авиабағыттарға қосымша конкурс нәтижесі бойынша, а.ж. 20 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан – Үшарал бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады. Бір бағыт бойынша билеттің бағасы 16 000 тг. «SCAT» авиакомпаниясымен орындалып жатқан аптасына 7 рейске, «Qazaq Air» авиакомппаниясына қосымша 4 рейс орындауға рұқсат етілді. Барлығы, қазіргі уақытта аталған авиабағыт бойынша аптасына 11 рейс орындалады. «Qazaq Air» авиакомпаниясының ұшулары дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері келесі кесте бойынша орындалады:

Нұр-Сұлтан (07-20) – Үшарал (09-20);

Үшарал (10-00) – Нұр-Сұлтан (12-15).

Барлық рейстер сиымдылығы 76-дан 86 орынға дейін «Bombardier» әуе кемелерінде орындалады.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ