Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында қонақ үй ашылды

Барлық жаңалықтар

2020-08-03

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында қонақ үй ашылды

Нұрсұлтан Назарбаев  халықаралық әуежайында қайта жөндеуден өткен қонақ үй қызмет көрсете бастады. Аталмыш қонақ үй аэровокзалдың Т2 терминалында орналасқан. Қонақ үйдің қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында басқару аутсорсингке берілді. Жұмыс беруші қонақ қызметкерлерінің еңбек шартын мен ақысын бұрынғы қалпында сақтады. 

Қазіргі таңда қонақ үйде стандарт, полулюкс және люкс категориялы 16 жайлы бөлме бар. Тәуліктік төлем екі адамдық бөлме үшін 20000 теңгеден басталады. Сонымен қатар, сағаттық, күндізгі және түнгі тарифтер қарастырылған. Бөлмелер кабельді телевизор, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамсыз етілген. Қонақтарды тіркеу тәулік бойы жүзеге асырылады. 

Байланыс нөмірі: +7 7172 777 169

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ