Бүгін ел тарихында «Абай күнін» тұңғыш рет тойлағалы отырмыз.

Барлық жаңалықтар

2020-08-10

Бүгін ел тарихында «Абай күнін» тұңғыш рет тойлағалы отырмыз.

Шын жүректен барша қазақ халқын осы атаулы мерекемен құттықтаймын! Сонау 1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  былай деген болатын «... Қазіргі аумалы-төкпелі заманда Абай жырларына айына емес, аптасына емес, күніне бір мәрте үңіліп қоймай болмайды. Сонда сіз жан қинап жүрген қандай да бір күмәннің бәріне де жауап табасыз». Ал күні кеше «Егемен Қазақстан» газетінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай туралы мақаласында «...Абайдың даналық сөздері ұрпақтың басын біріктіретін мәңгілік рухани тірек болмақ» деген еді. Расында, Хәкім Абайды мемлекеттік деңгейде ұлықтап, мұрасын қайта жаңғырту біздің бүгінгі борышымыз.
Абай күні құтты болсын!

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ