ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов әуежай жұмысын тексерді

Барлық жаңалықтар

2020-10-15

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов әуежай жұмысын тексерді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының санитарлық-карантиндік пунктін, шекаралық бақылау және басқа да қызметтерінің жұмысын тексерді.

        Делегация жолаушылардың әуелайнерден түсу, контактісіз термометрия мен сауалнама жүргізу, ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу өткені туралы анықтамалары жоқ азаматтарды карантиндік стационарға орналастыру және автобустарға отырғызу маршрутымен толық танысты.

2020 жылғы 14-15 қазанға қараған түні Нұр-Сұлтан әуежайына бортында 533 жолаушысы бар 5 ұшақ қонды, келген азаматтардың 118-де COVID-19-ға ПТР талдаудың теріс нәтижесі туралы анықтамалары болмаған. Олардың барлығы ПТР-талдау тапсыру үшін екі тәулікке карантиндік стационарға орналастырылды.

Елордалық әуежайын тексеру қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары авиажолаушылардың бетперде режимі мен әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтау керектігін, ал қадағалаушы органдарға санитарлық қызметтердің нұсқамаларын орындау мен бақылауды қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

Сонымен бірге, вице-премьер бірлесе жұмылғанда ғана COVID-19 пандемиясының таралуын түпкілікті тоқтатуға болтындығын айтты.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ