Азаматтық авиация академиясы мен Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы меморандумға қол қойды

Барлық жаңалықтар

2020-11-30

Азаматтық авиация академиясы мен Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы меморандумға қол қойды

"Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Қалиұлы Тәжімұратов пен Азаматтық авиация академиясының ректоры Бекен Қанелұлы Сейдахметов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл өндіріс үшін және ЖОО үшін маңызды оқиға болды: авиация мамандарын даярлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, әуежай қызметіне озық технологияларды әзірлеу және енгізу бойынша жаңа көкжиектер ашылуда.

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою алдында академия ректоры авиаторларға Қазақстандағы жалғыз авиациялық ЖОО-ның жұмысын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы туралы айтып берді.

Ректор отбасында мектеп бітіруші түлектері  бар қызметкерлерге балаларын  Авиация академиясына түсіруді ұсынды. Сондай-ақ әуежайдың жас қызметкерлерін жоғары оқу орнында жоғары білім алуға немесе бар мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға шақырды. Айтпақшы," Нұр-сұлтан халықаралық әуежайында " қазір академия түлектері аз емес.

 

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ