"Астана мюзикл" әртістері Нұр-Сұлтан әуежайында мереке қарсаңында әндер орындады

Барлық жаңалықтар

2020-12-21

"Астана мюзикл" әртістері Нұр-Сұлтан әуежайында мереке қарсаңында әндер орындады

Тәуелсіздік күніне орай "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы елорда тұрғындары мен қонақтарын ерекше сыйлықпен қуантты. Мерекелік жоба "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен" АҚ бірлесіп дайындалды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген елорда тұрғындары мен қонақтары мерекелік қойылымның куәсі болды.

"Астана мюзикл" театрының орындауындағы музыкалық флешмоб Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының барлық жолаушыларын таң қалдырды. Театр әртістері ұлы Абайдың "Айттым сәлем, Қаламқас" әнін орындады.

Сондай-ақ, "Астана мюзикл" әртістерінің орындауында көрермендерге жағымды эмоциялар сыйлаған "Керім-ау айдай" халық әні шырқалды. Ерекше қойылым әртістерге қошемет көрсеткен көрермендерді де шабыттандырды.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ