COVID-19 инфекциясына тестілеуден әуежайда өтуге болады

Барлық жаңалықтар

2021-01-15

COVID-19 инфекциясына тестілеуден әуежайда өтуге болады

Елорда әуежайының жолаушылары мен қонақтары GrinLab тестілеу орталығында ПТР және ИФА әдістері арқылы коронавирустық COVID-19 инфекциясына тестілеуден өте алады.

🔬 ПТР-тестілеудің құны 9000 теңгеден басталады. Тестілеу жұтқыншақ пен мұрыннан алынады және нәтижелері электронды поштаға орыс немесе ағылшын тілдерінде жіберіледі. Нәтижені 12 сағаттың ішінде алуға болады.

🔬 ИФА әдісімен антиденелерге экспресс-тестілеудің құны - 6500 теңге, зерттеу кезінде IgM және IgG сыныптарының антиденелерін анықтау үшін капиллярлы қан алынады, нәтижесі 15 минуттің ішінде дайын болады.

🔬 Антигенге экспресс-тестілеудің құны - 8500 теңге, IgA антигенін анықтау үшін мұрын-жұтқыншақтан тестілеу алынады, нәтиже нәтижесі 15 минуттың ішінде әзір болады.

 

*Дайындық қажет. Тестіліеу жұтқыншақ пен мұрыннан аш қарынға немесе тамақтанған соң 3 сағаттан кейін алынады. Тестілеуден 3 сағат бұрын тісті тазалауға, ауыз-қуысын жууға, су ішуге немесе сағыз шайнауға, кемі 1 сағат темекі шегуге болмайды.


Орталық Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ғимараты сол қанатының екінші қабатында, ішкі рейстер терминалында орналасқан.

ЖШС «Grinlab» Қазақстан нарығында зертханалық диагностика саласында бес жылдан астам қызмет көрсетіп келеді.

 

Байланыс: + 7 776 947 15 15

 

Сайт: www.grinlab.kz

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ

  • Паркоматты қалай қолдану керек

    Паркоматты колдану қағидасымен танысыңыз

    Толығырақ