Әуежайдың төрт аяқты сақшылары

Барлық жаңалықтар

2021-02-04

Әуежайдың төрт аяқты сақшылары

Кинология ит анатомиясы мен физиологиясын, үй иті тұқымының шығу тегі мен эволюциясын зерттейді. Кинология саласында қызмет ететін мамандарды «кинолог» деп атайды.

Кинолог деп тұтынушының талабы мен тапсырмасына сәйкес иттерді қолға үйрететін маманды айтамыз. Иттерді иесіне адал болып, күзет қызметін атқаруға және халықаралық, ұлттық көрмелерге  қатысуға дайындайды. Кинолог болу үшін жануарларға деген махаббат жеткіліксіз. Шыдамдылық, мақсаткерлік, білім қажет. Кинология саласына қатысты арнайы біліміңіз болса, ішкі істер министірлігіне, қарулы күштер қатарына, кеден саласына, әуежайға, ғылыми зерттеу орталықтары мен зертханаларға жұмысқа орналасу мүмкіншілігіңіз арта түседі.  Сондай-ақ кинология авиациялық қауіпсіздік қызметінің маңызды саласы. Тексерістен өту кезінде заң бұзушылық әрекеттертің алдын алу үшін иісшіл иттердің пайдасы орасан зор.

Бұл саланың тарихының тамыры біздің ғасырға дейінгі жүз жылдықтың тереңіне кетеді. Ежелгі Рим империясы кезінде ит қараушыларға аса құрметпен қараған. Уақыт өте келе, иттердің негізгі түрлерін терең зерттеу және қажетті генотиппен жаңа тұқымдарды жасау әрекеттері 19 ғасырда кинологияның ғылым ретінде пайда болуына ықпал етті. Мақсатты ғылыми зерттеулер ретінде иттерді көбейту, үйрету әдістерін меңгеру қажет болды. Кинология негізін әзірлеуге Англия мен Германия елдерінің мамандары ең үлкен үлестерін қосты. Кинолог мамандығын бос уақытында әуесқой ретінде кәдімгі ит асыраушыларымен шатастыруға болмайды. Әуесқой демалыс күндері сабалақ досымен айналысып, оған қамқорлық жасап қарап, оның денсаулығын күтуі мүмкін. Иттерге деген сүйіспеншілік көптеген адамдарға тән. Егер адам иттің мінездемелерін зерртеп, адамның өміріндегі әртүрлі мәселелерді шешуге үйрету үшін өмір салтын өзгертуге дайын болса, мамандыққа айналуы мүмкін.     

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ