Авиация саласының дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін жұмыскерлер алғыс хатпен марапатталды.

Барлық жаңалықтар

2021-02-05

Авиация саласының дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін жұмыскерлер алғыс хатпен марапатталды.

2021 жылдың 1 ақпан күні Қазақстан Республикасы Азаматтық авияциясының құрылғанына 90 жыл толып отыр.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің атынан "Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының дамуына қосқан сүбелі үлесі және ерен еңбегі үшін" алғыс хаттарымен әуежай жұмыскерлері марапатталды:

1. Еркін Қаламқас Еркінқызы – жер үстіндегі қызмет көрсету департаментінің жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі агенті, біздің мекемемізде 6 жылдан астам уақыт бойы қызмет атқарып келеді.

2. Антаев Дулат Саятович - жер үстіндегі қызмет көрсету департаментінің кезекші менеджері, біздің мекемемізде 3 жылдан астам уақыт бойы қызмет атқарып келеді.

3. Итабаев Асылбек Аскарович – коммерциялық департаментінің маманы, біздің мекемемізде 4 жылдан астам уақыт бойы қызмет атқарып келеді.

4. Мамбетияров Расул Рашидович - жер үстіндегі қызмет көрсету департаментінің кезекші менеджері, біздің мекемемізде 13 жылдан астам уақыт бойы қызмет атқарып келеді.

5. Аханов Ринат Тулеубекович - жер үстіндегі қызмет көрсету департаментінің директорының орынбасары, азаматтық авиация саласында 12 жылдан астам уақыт бойы қызмет атқарып келеді.

Басқарма төрағасы Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы мекеменің өсіп-көркендеуі мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан жеке үлестері үшін жұмыскерлерге алғыс білдірді.

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ