Әуежайға еңбекті қорғау және метрология қызметінің басшысы қажет
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-ға (бұдан әрі - Қоғам) жұмысқа орналасу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар
Еңбекті қорғау, экология, стандарттау және метрология қызметінің басшысы:
Талаптар:
- жоғары техникалық білімі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша сертификаты бар, электр қауіпсіздігі бойынша ІV төмен емес тобы бар, еңбекті қорғау, экология бағыты бойынша өндірісте жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес.
- қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген болуы тиіс.
Міндеттері:
- Қоғамдағы өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептеріне талдау жүргізу және олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- Қоғамда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыскерлерді оқытуды, білімдерін тексеруді ұйымдастыру;
- кәсіби аспектіде қызмет қызметкерлерін даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және өткізу;
- қауіпті өндірістік объектілердегі жазатайым оқиғаларды, аварияларды/инциденттерді тергеп-тексеруге қатысу және Қоғамда оларды тергеп-тексеру тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;
- еңбек қауіпсіздігі жағдайларының жай-күйін бақылауды ұйымдастыру, еңбекті қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің әзірленуін, енгізілуін және тиімді жұмыс істеуін, Қоғамда метрологиялық қамтамасыз етуді қамтамасыз ету.