Тыныш әуежай

Барлық жаңалықтар

2021-02-12

Тыныш әуежай

2016 жылдың 25 қаңтарынан бастап «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында» "тыныш әуежай" жобасы іске қосылды. Дыбысты хабарлау жүйесі арқылы жолаушыларға ұшақтардың ұшуы және қонуы туралы ақпарат беру тоқтатылды. Бұл жаңалық әуежай терминалында шу әсерін азайту мақсатында енгізілді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының әуе айлағы тәулігіне орташа есеппен 55 тұрақты рейс қабылдайды деп есептелді. Өз кезегінде әуежайдан 37 бағыт бойынша рейстер шығады. Ұшу және келу рейстерін жариялау үш тілде жүзеге асырылады, бір рейсті хабарлау бір жарым минут уақыт алады және әр 15 минут сайын қайталанады. Рейстер санының тұрақты өсуін ескере отырып, терминалдарда дауыстық хабарламалар тоқтатылды.

Дауыстық хабарламалардың жойылуына байланысты әуежайдағы электрондық таблолар ақпараттық сипатқа ие болды. Енді олар тіркеудің басталуы мен жабылуы, ұшу немесе келу уақытының өзгеруі туралы хабарлайды. Сондай-ақ, келген жолаушылар үшін арнайы монитор орнатылды, онда үш тілде әуежайда бұдан былай динамик туралы ескертулер жоқ деп жазылған. Дауыстық хабарлама арқылы тек, төтенше жағдайлардың басталғаны туралы және жолаушылардың заттарын жоғалтқаны туралы хабарлайды.

 

 

Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ

  • Паркоматты қалай қолдану керек

    Паркоматты колдану қағидасымен танысыңыз

    Толығырақ